«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын сындарлы басқару (бұдан әрі – Бағдарлама) қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі кілті. болып табылады. Әсіресе, мемлекеттік саясат шеңберінде адами ресурстың бәсекелік қабілеттілігі бүкіл елдің саяси және экономикалық қайта құрылуының өзегі ретінде жұмыс істейді.

«2020 жылдың 10 айындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша талдамалық баяндама» (бұдан әрі – Баяндама) – бұл Бағдарламаны жүзеге асырудың әртүрлі деңгейіндегі тәжірибені жүйелеп, әр арнайы жоба бойынша идеологияны жедел таратудың вирусты контенті мен тиімді практикалық тәжірибені көрсетуге нақты бағыттарды айқындау. Жалпы алғанда, авторлар тобы келесі алғышарттарды негіздеп отыр.

• біріншіден, барлық мемлекеттік құрылымдар мен ұйымдардың өзара үйлесімді әрекеттесудің тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ олардың Бағдарламаны іске асыруға тең тарту жүйесін құру;

• екіншіден, халыққа Бағдарламаның алты тұжырымдамалық бағытын ықпал ету құралдары арқылы кеңінен, сапалы түсіндіру қажеттілігінің артуы;

• үшіншіден, қазақстандық жаңғыру тәжірибесі шеңберінде, мемлекеттік орган қызметкерлері арасында қоғамдық сананы жаңғыртудың ағымдағы өзгерістер динамикасын талдап бағалау үшін бастапқы ақпараттарды жинаудың өрісті әдістерін таңдау қажеттілігі.