Жаңалықтар

ПРЕСС-АНОНС: 17-18 қараша аралығында «Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат» халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

2022 жылғы 17-18 қараша аралығында Астана қаласында «Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат» халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ:

  1. Қауіпсіз және сау балалық шақ.
  2. Қазақстандағы отбасы институтының болашағы.
  3. Қазақстанның демографиялық даму перспективалары.
  4. Репродуктивті құқықтар және отбасын жоспарлау.
  5. Қазақстандағы гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл.
  6. Қазақстан: гендерлік тең құқық жолында.

Ғылыми конференция шеңберінде арнайы жинақ дайындалады. Жинаққа арналған мақалалар 2022 жылғы 28 қарашаға дейін Конференция жұмысының негізгі бағыттары бойынша қабылданады.

 ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі Ұлттық комиссия, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ.

ЖҰМЫС ТІЛДЕРІ: қазақ, орыс, ағылшын.

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ: аралас (офлайн, онлайн).

ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ МЕН КҮНІ: 2022 жылғы 17-18 қараша, басталуы               сағат 9:30-да.

ӨТЕТІН ОРНЫ: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 52, Тәуелсіздік Сарайы.

АҚПАРАТ ҮШІН БАЙЛАНЫС

МАҚАЛАЛАР 2022 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ:

  1. Мақаланы family_conference22@kipd.kz электрондық мекенжайға жолдау;
  2. Мына сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeCtLHamNUDqN7SaX0m2N2tXFWcvLCdlD0sre8_smuebdWH3Q/viewform.

Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар

Баяндама мәтінін жариялау:

Іріктелген ғылыми баяндамалар, мақалалар конференцияның электронды жинағында жарияланады. Мақалалар авторлық редакцияда жарияланады. Ұйымдастыру комитеті мақалаларды техникалық редакциялау құқығын өзіне қалдырады. Сонымен қатар, ұйымдастыру комитеті әр жағдайда қабылдамау себептерін түсіндірместен авторлар жіберген материалдарды жарияламау құқығын өзіне қалдырады.

Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар:

Көлемі – 5-7 беттен аспау керек.

– мақала Doc форматында дайындалуы тиіс, Times New Roman қарпі, жоларалық интервал – 1, кегль – 12, жоғарғы және төменгі жиектер – 20 мм, оң жағы  – 15 мм, сол жағы – 30 мм;

– мақала атауы 12 сөзден аспауы тиіс;

– атауы мақала тілінде және ағылшын тіліне аудармасымен берілуі керек;

– аннотация мақала тілінде және ағылшын тілінде жазылады және негізгі мәтіннің алдында беріледі;

– аннотациядан кейін 5 кілт сөз көрсетіледі;

– мақала мәтіні екі интервал арқылы кілт сөздерден кейін беріледі.

Автор туралы мәліметтер: мақаланың атауынан кейін 1 интервалдан кейін автордың Тегі, Аты, Әкесінің аты көрсетіледі; осы деректердің оң жағында (*) символының көмегімен ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, ұйымы және электрондық пошта мекенжайы көрсетілген сілтеме беріледі.

Сілтемелер мен әдебиеттер тізімін жасау: дереккөзге сілтеме шаршы жақшада тегі, шығарылған жылы және бет нөмірі көрсетіледі.

Үлгі: [Ахметов, 2003: 15].

– Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннен кейін аталған ретпен беріледі.

Пайдаланылған дереккөздер саны 5-тен кем болмауы керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button