2022 жылғы 9 қарашада сағат 15.00-де Астана қаласында «Қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндаманың жобасын талқылау» тақырыбында сараптамалық кездесу өтеді

Ұйымдастырушы – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ.
Талқылау қоғамдық бақылау ұсыныстарын әзірлеу және Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестер институтының дамуын талдау мақсатында ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы өз жолдауында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне жіті назар аударуға шақырды, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің қызметін қайта өзгертудің маңыздылығы туралы мәлімдеген болатын. Отырыс аясында қатысушылар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын, оның ішінде қоғамдық кеңестер қызметін қайта өзгертудің, қазіргі жағдайда ОЖ жұмысының тиімділігін арттырудың маңыздылығы туралы мәлімдемені талқылайды, сондай-ақ қатысушыларды «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестер-2022» Ұлттық баяндамасы жобасының нәтижелерімен таныстырады.
Іс-шара 9 қарашада Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, «Нұрлы Орда» бизнес орталығы, 6 қабат, конференц-залда сағат15:00-де өтеді.