Жаңалықтар

Сайлау қорытындысы: эксперттер пікірі

Бүгін, 24 қараша күні Теміртау қаласында «Сайлау қорытындысы: эксперттер пікірі» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті.

Шараны ұйымдастырушы – ҚР  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ.

Ашық пікірталас барысында қатысушылар сайлаудың қорытындысын және оның Қазақстанның ішкі саясаты үшін маңыздылығын талқылады.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, саясаттанушылар, қоғам белсенділері, студенттер және ҚҚДИ сарапшылары қатысты.

Отырыс «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ  сарапшысы Бауыржан Серікбаевтың модераторлығымен өтті.

Өз сөзінде модератор қатысушыларды Орталық сайлау комиссиясы жариялаған дауыс берудің қорытындыларымен таныстырды. Ол қатысушылардың назарын өткен сайлаудың ерекшеліктеріне және олардың елдің одан әрі демократиялық дамуы үшін маңыздылығына аударды.

Сайлау қорытындысы: эксперттер пікірі

Спикерлер:

– Алғы сөз Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Зияшев Самат Саятұлы;

– «АрселорМиттал Теміртау» АҚ әлеуметтік және еңбек қатынастары бөлімінің басшысы, Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Алпыспаев Әлібек Жанарұлы;

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбек қатынастары жөніндегі директоры Қуаныш Сағадат Бағдатұлы

– Қарағанды облысы бойынша партиялық емес байқау орталығының төрағасы Козловский Артем Валерьевич;

– Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Иманбаева Сымбат Есенжолқызы

– Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Төлеу Темірлан Лұқманұлы.

 Спикерлер баяндамаларының негізгі тезистері:

Самат Зияшев

Сайлау жоғары деңгейде өтті. Халық өз таңдауын жасап, елінің болашағы үшін дауыс берген тарихи кезең болды. Азаматтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдады. Енді біздің алдымызда республиканы дамытудың негізгі міндеттері тұр.

Бауыржан Серікбаев

Қазақстан халқы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүргізіп отырған реформаларына, сайлауалды бағдарламасына, алдағы 7 жылда президент атқарғалы отырған бастамаларға қолдау білдіріп өз таңдауын жасады. Мықты саяси тұлға жеңіске жетті. Халқымыз елдің болашағын мемлекет басшысына сеніп тапсырды. Геосаяси ахуал күрделі кезеңде ел тізгінін ұстауға лайықты тұлға деп Қазақстан халқы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдады. Сайлау әділ өтті, Қазақстан халқының сенім мандаты алынды деуге толық негіз бар. Ендігі басымдық алдағы 7 жылда елдің сенімін ақтау.

Әлібек Алпыспаев

Сайлау заңға сәйкес ашық және әділ өтті. Тек «естуші мемлекет» әділ мемлекетке айнала алады. Бұл сайлау Жаңа Қазақстанның құрылуында ерекеше маңызды рөл атқарып, жаңа саяси дәуірді ашты.

Сағадат Қуаныш

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қызметкерлерінің дауыс беруге құқығы бар 31 124 адамның ішінде 29 000-ы белсенді қатысып, өз дауыстарын берді. Ол еңбек етуге жасалған жағдайдың нәтижесінен деп білемін. Дауыс берушілердің арасында алғаш рет қатысып отырғандар да , зейнеткерлер де болды».

Артем Козловский

Бұл сайлау алдыңғы сайлаулармен салыстырғанда жүйелі түрде өтті. Сайлау комиссиялары арнайы оқытылып, учаскелердегі көптеп туындайтын жанжалды жағдайлар азайды. Қатаң бұзушылықтар байқалған жоқ. Дауыс берушілер осы жолы жоғары белсенділікті көрсетті. Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде сайлау учаскелерінен суреттер мен видеолар да жариялады. Азаматтар отбасыларымен дауыс беруге қатысты. Қазір қоғам жас ұрпақты сайлауға және сайлау науқанына сенім білдіру сәтінде тәрбиелеуде.

Сымбат Иманбаева

Бюллетеньде «бәріне қарсы» бағанының пайда болуы, соңғы көрсе ткіштің аздығына қарамастан, ұзақ уақыт бойы бірінші рет белгілі бір дивидендтерге әкелді.

Біріншіден, билік азаматтардың ықтимал наразылық көңіл-күйін өлшей алды.  Екіншіден, билік аймақтық контексте келіспеушілік деңгейін нақты бекіте алды.  Үшіншіден, «барлығына қарсы» бағанының нәтижесі жаңа саяси көшбасшылар мен партиялардың әлеуетті электораты болып табылатын сайлаушылардың үлесін көрсетеді.

Темірлан Төлеу

Біздің институт өткізген әлеуметтанулық зерттеулердің қорытындысы бойынша азаматтар сайлау науқаны туралы жоғары хабардарлық деңгейін көрсетті. Сайлау туралы ақпарат білетін респонденттер 75%-дан төмен түспеді. Науқан кезеңінде 82,3%, 93,7% және 93,7%  жоғарғы көрсеткіштті көрсеткен Қарағанды облысын ерекше атап өткім келді.

Бұл көрсеткіш біздің деректерімізбен ғана емес, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Қазақстандағы президенттік сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының алдын ала нәтижелері мен қорытындылары туралы мәлімдемесімен расталады.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев билігінің алғашқы үш жылында халық арасындағы сенімділік 75% шамасында болса, ағымдағы жылы көрсеткіш өзінің ең жоғары мәніне – 86,8% жетті.

Сайлау қорытындысы: эксперттер пікірі

Басқа жаңалықтар

Back to top button