Жаңалықтар

“Қазіргі қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат” тақырыбында брифинг өтті

Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсем ҚАЙДАРОВА мен Отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Ольга НИКОЛАЕВА «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат» тақырыбы бойынша брифингке қатысты.

Спикерлер Қазақстанның гендерлік саясатының ерекшеліктері мен проблемалық аспектілері, қоғамдық-саяси қызмет саласындағы әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктері, саяси, экономикалық саладағы әйелдердің рөлі, харассмент сынды тақырыптарды қозғады.

 «Зерттеудің мақсаты – гендерлік саясат саласындағы проблемалық аспектілерді талдау, Қазақстан гендерлік саясатының ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамдық-саяси қызмет саласындағы әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асырудың тиімді жолдарын анықтау», – деп атап өтті Әсем Қайдарова.

“Қазіргі қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат” тақырыбында брифинг өтті

Спикердің айтуынша, жаппай сауалнама кезіндегі іріктеменің жиынтық көлемі – Қазақстанның барлық аймағынан  таңдалған 1200 респондент. Зерттеу 18 және одан үлкен жастағы Қазақстан азаматтары арасында жүргізілді.

Айта кету керек, Қазақстан халықаралық рейтингте гендерлік алшақтық индексі бойынша 10 жыл ішінде 2022 жылы алғаш рет 15-позицияға көтерілді.  (Gender Gap Index). Алайда, әлі де болса, айтарлықтай гендерлік алшақтық бар. Әсіресе алшақтық саяси және экономикалық салада көбірек байқалады. Сондықтан Қазақстанның гендерлік саясатын зерделеу және гендерлік теңдікті нығайту бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу маңызды.

Одан әрі сөзді Қазақстандық қоғамдық даму институты Отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы Ольга Николаева жалғады.

“Қазіргі қазақстандық қоғамдағы гендерлік саясат” тақырыбында брифинг өтті

“Гендерлік теңдік саласында әлі де бірқатар проблема бар. Қоғамдағы әйелдерге қатысты қалыптасқан таптаурындар олардың мансап жолында орта деңгейден жоғары көтерілуіне кедергі келтіретін «стеклянный потолоктың» (шыны төбе) қалыптасуына әсер етеді. Бұл жүйе әйелдердің мансап жолында өрлеуіне, саяси және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуіне, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесіне қатысып,  түрлі салада әйелдердің өзін-өзі дамытуына кедергі келтіреді”.

Спикер өз сөзінде бірқатар статистикалық деректерге тоқталды.  Мысалы, ресми немесе азаматтық некеде тұратын әйелдердің 10%-ға жуығы жұбайына экономикалық тұрғыда тәуелді. Жаппай сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, әйелдердің 47,3%-ының өз ісін ашып, бизнеспен айналысқысы келеді. Олардың кәсіп ашуына кедергі келтіретін ең көп таралған себептер: қаржының жетіспеушілігі (64,7%), тәжірибенің, білімнің болмауы (33%) және қорқыныш (22,4%).

Сондай-ақ,  Ольга Николаева зорлық-зомбылық мәселесіне де тоқталды. Спикердің айтуынша, азаматтардың 5%-дан астамы физикалық зорлық-зомбылық қаупіне тап болған.

“Респонденттердің төрттен бір бөлігіне жуығы (23,6%) әйелдерді күштеп ұрлауға бейтарап немесе оң көзқараспен қарайды. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың жартысы ғана (54%) қызды рұқсатынсыз алып қашқан жағдайда, “ол кетіп, құқық қорғау органдарына хабарлау керек” деп есептейді. Ал азаматтардың 11,7%-ы “оның қалып, тұрмысқа шығуы керек” деп санайды. Респонденттердің 18,4%-ы “қыздың кетуі керек, бірақ құқық қорғау органдарына хабарламағаны жөн” деген пікір білдірген”.

Брифингте “харассмент” мәселесі туралы да айтылды. “Азаматтардың шамамен 5%-ы жыныстық бопсалауға тап болған. Айта кету керек, әйелдер бұл проблемаға ерлермен салыстырғанда 10 есе жиі ұшырасады”,- дейді спикерлер.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button