Жаңалықтар

Сарапшылар сайлаудың алдын-ала қорытындыларын талқылады

Қазақстандық қоғамдық даму институты “Жаңа Парламент: саяси жаңғырудың қорытындылары” атты сарапшылар талқылауын ұйымдастырды.

Талқылауға еліміздің әлеуметтік ғылым бағытындағы белгілі сарапшылары мен саясаттанушылары, қоғам қайраткерлері, академиялық ортаның өкілдері қатысты.

Кездесу барысында сарапшылар 2023 жылғы 19 наурызда өткен сайлаудың ерекшеліктері мен өту барысын талқылап, саяси реформалар аясында жүзеге асып жатқан жүйелі өзгерістердің жаңа Парламентті қалыптастыруға әсерін бағалады.

Спикерлердің пайымдауынша, кешегі өткен сайлау еліміздегі сайлау мәдениетінің түрленуі мен азаматтық белсенділіктің артуына жол ашып, саяси пікірталастың маңыздығын көрсетті. Бір жыл бойы жүзеге асқан саяси реформалардың қорытындысы ретінде бағаланатын сайлау саяси институттардың жаңаруына жол ашты. Саяси бәсекеден кейін Парламент Мәжілісіне 6 партия өткенін байқап отырмыз,- дейді сарапшылар.

Сарапшылар сайлаудың алдын-ала қорытындыларын талқылады

Сессия барысында сайлаудың әділ және таза өтуіне 700-ден астам халықаралық байқаушының, саяси партиялар мен кандидаттардың, 40 мыңнан аса сенімді тұлғалардың атсалысқаны да ерекше атап өтілді. Олардың аралық есептері мен пікірлері дауыс берудің ашық және заңнама аясында өткенін дәлелдейді.

Сонымен қатар бұл сайлаудың барысында саяси реформалардың шынайы қолданыс тапқаны да сарапшылар назарында болды. Атап айтқанда, сайлауға жаңа талаптар бойынша тіркелген екі партияның қатысуы, меженің 5% төмендеуіне байланысты екі партияның мандаттарға іліну мүмкіндігінің  болуы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button