Жаңалықтар

KIPD Animation: Анимация бағытында уорпшоптар өтеді

27-28 қыркүйек күндері Астана қаласында шетелдік және отандық анимация саласының үздік мамандарының қатысуымен уоркшоп форматындағы іс-шара өтеді.

KIPD Animation уоркшобы аясында анимация саласындағы үздік жобалар, жаңа трендтер, мамандарға қажетті заманауи лайфхактар туралы айтылады. Қатысушылар спикерлермен байланыс орнату арқылы анимация туралы қызықты тақырыптарды талқылап, осы бағыттағы білімін арттыра алады.

Шараның ұйымдастырушылары: ҚР  Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстандық қоғамдық даму институтының MediaLab орталығы.

Өтетін орны: Astana Hub халықаралық технопаркі, Мәңгілік Ел, С4.6

Уоркшоптың уақыты, форматы, спикерлері туралы толық ақпарат институттың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады.

Тіркелу үшін мына сілтемедегі сауалнаманы толтырыңыз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd5IpI0NQEzZ7gBcjOJpvjGHGE9XElESb2_55jj-TYX2t70hA/viewform

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button