АКСЕЛЕРАТОР МІНДЕТТЕРІ

1) акселераторға жобаларды іріктеу, тақырыптық бағыттар бойынша жобалар кластерлерін қалыптастыру;

2) жобаларды сараптамалық және әдістемелік сүйемелдеу, тиімді бизнес-модельдерді әзірлеу, нысаналы аудиторияларды кеңінен қамту және халықтың өзін-өзі ұйымдастыру үшін форматтар жобаларының моделіне енгізу үшін жағдай жасау;

3) жобалардың тиісті ведомстволармен және негізгі ұйымдарымен өзара іс-қимылын үйлестіру;

4) әлеуметтік салаға ресурстарды тарту және блокчейн технологиясы сияқты инновацияларды пайдалану арқылы халықтың жаппай қатысуымен жобаларды қолдау үшін жағдайлар жасау және олардың негізінде бизнес ортамен әлеуметтік жобаларды қолдау платформасын құру; 

5) «Асар» алаңына, әлеуметтік жобалар конкурстарына қатысу үшін жобаларды дайындау, сондай-ақ жобалық командалардың инвесторлармен және меценаттармен кездесуін ұйымдастыру;

6) жобалардың өзін-өзі ақтауға және тұрақты дербес дамуға шығуы үшін жағдай жасау;

7) барлық қатысушылардың үйлесімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін жеке бағыттар бойынша стратегиялық сессияларды өткізу.

 

Жобалар:

Инклюзивті қоғам

Жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды, қарт адамдарды, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды, аз қамтамасыз етілген көпбалалаы отбасыларды қолдау

Білім

Өзекті құзіреттерді дамыту (қаржылық, құқықтық, медиалық, IT және сандық сауаттылық, ағылшын және мемлекеттік тілдерді меңгеру)

Туризм

Ауылшаруашылық, өлкетанулық, біліми, квест туризмді дамыту

Мәдениет және спорт

Мәдениет, өнер, спорт және халық шығармашылығы саласындағы жобаларды біріктіретін алаңдарды дамыту

Экология

Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту

Кәсіпкерлік

Жүйелік жобалық ойлауды дамыту, көшбасшылық әлеуетті нығайту

 

ЖОБАНЫҢ РЕСМИ САЙТЫ