«Рухани жаңғыру» Бағдарламасының арнайы жобалары

 
«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру» арнайы жобасы

XXI ғасырдағы ғылыми-білім беру үдерісі мен заманауи коммуникация ерекшеліктерінің арқасында жаңа әліпбиге көшу жастарға, тіпті балаларға да оңай болады. Өйткені қазір жастардың басым бөлігі қазақ тілінде және интернет-кеңістікте мәтіндік хабарламалар жіберу үшін латын әліпбиін қолданады. Жас ұрпақ қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін сәтті игере алады деп сеніммен айтуға болады. ХХІ ғасыр – компьютерлік ғасыр деп бекер айтылмаған. Интернет-кеңістікте қазақ тілінің латын қарпіне немесе керісінше онлайн-аудармашысын пайдалануға болады.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы

Жаһандану дәуірінде уақыттың барлық сын-қатерлерін қабылдайтын жаңа буын қалыптастыру аса маңызды болып табылады. Мұның басты құралы - білім беру. Әлеуметтік-гуманитарлық саладағы жетекші 100 оқулықтың аудармасы - бәсекеге қабілеттілік пен прагматизм рухында тәрбиеленген қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастырудағы дұрыс қадам болып табылады.

«Туған жер» арнайы жобасы

Құндылықтар мен адамгершілік бағдарлармен біріге отырып, патриотизм ұлттық идеяға ие болады. Осыған байланысты патриотизм мемлекеттің ұлттық стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылады және оның негіздерінің бірі өзінің кіші Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікте қаланады. «Туған жер» бағдарламасының міндеті Қазақстандықтарда өз ауылына, қаласына, өлкесіне, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, тұрмысына және Отан алдындағы адамгершілік борышына деген сүйіспеншіліктен, мақтаныш пен адалдықтан көрінетін шынайы патриотизм сезімін тәрбиелеу болып табылады.
 
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы

Әр халықтың, әрбір өркениеттің жалпыұлттық сипаттағы және осы халықтың әрбір өкілі білетін қасиетті жерлері бар. Бұл рухани дәстүрдің негіздерінің бірі. Қазақстан үшін бұл ерекше маңызды. Біз рухани бай тарихы бар кең елміз. Бұл рухани географиялық белдеудегі адамдар арасында байланыс ешқашан үзілген емес.  

 «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы

Қоғам прогресінің басты көрсеткіштері әрқашан оның мәдени жетістіктері болды. Сондықтан бұл жетістіктерді әлемдік деңгейде таныту аса маңызды. «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасының арқасында барлығымыздың отандық мәдениеттің заманауи жетістіктерімен танысуға мүмкіндігіміз бар. Бәсекеге қабілетті қызметтің кез келген түрі сияқты мәдениет те жақсы ойластырылған және өміршең болуы тиіс.

 «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасы

Бұл өз заманының батырлары. Адамдар әрдайым батырларға мұқтаж және қажет болады, оларды теңестіруге болатын және ең жақсы моральдық-этикалық қасиеттерді сіңірген адамның мінсіз бейнесі қызықтырады. Қарапайым халық арасында өмір сүретін және олар үшін өз ерліктерін жасайтын әлеуметтік кейіпкерлер ерекше бағаланады. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы әр өңірден, жас шамасынан, мамандығынан және әр ұлттан шыққан адамдардың тарихын ашуға, оларды қалың жұртшылықтың игілігіне айналдыруға арналған, ал өмірлік және кәсіби жетістіктері өскелең ұрпаққа үлгі және ынталандыру болады.

 

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы

Жоба ауылдағы өмір сапасын жақсартуға, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғыртуға және оларды өңірлік стандарттарға дейін жеткізуге бағытталған. Жоба аясында жастар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатыса алады. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру үшін кәсіпкерлік қызмет жаңғыртылатын болады. Осы мақсаттарға жету үшін үш негізгі міндетті орындау қажет: ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту; шараларды жетілдіру арқылы әлеуметтік саланы кадрлармен қамтамасыз ету; ауылдағы жастар кәсіпкерлігін қолдау.

 

«Архив – 2025» арнайы жобасы

«Архив – 2025» жобасы – бұл біздің тарихымызды жүйелеу, соның ішінде оны өз бетінше зерделеу мүмкіндігі. Әр мемлекетте тарихи саясат туралы түсінік бар. Елбасы ұсынған «Архив-2025» жобасы дүниежүзі қазақтарының тарихына қатысты барлық деректерді жинауға мүмкіндік береді. Бұл бірегей жоба жүзеге асырылғанда, біз еліміздің жаңа тарихының куәгері боламыз. Шындығында, біз өзіміздің тарихи санамызды қайта жаңғыртып ежелгі тарихымыз, ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, жаңа тарих туралы мәліметтер жинасақ қана өз тарихымызды жүйелей аламыз.

 

«Ұлы Даланың ұлы есімдері» жобасы

«Ұлы дала - әлемдік өркениеттің бесігі».  Отан тарихын, халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін білу - патриотизм мен ұлттық сана-сезімді жаңғыртудың негізі. Францияда кез-келген мекемеге жұмысқа қабылдаудың міндетті шарты -  елдің тарихы бойынша емтихан тапсыру.

Қазіргі уақытта тарихи сананы қалыптастыруға, қазақ халқының мемлекеттілігі мен ұлттық бірегейлігін нығайтуға ерекше мән беріліп келеді. Бұл ұстаным Елбасының сөйлеген сөздері мен бағдарламалық құжаттарында бірнеше рет көрініс тапқан. «Ұлы Даланың ұлы есімдері» – ұлы ата-бабаларымыз. Олар көпке танымал, біледі әрі құрметтейді.

Біздің міндетіміз - олардың мұрасын зерттеу мен мәңгі есте қалдыруға ықпал ету, еске алып, ұмытпау.

 

«Түркі әлемінің генезисі» жобасы

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мақаласында Түркі әлемінің бесігі мен генезисі, сондай-ақ түркі халықтарының адамзат даму тарихына қосқан үлесі туралы жайлар нақты әрі тұжырымдамалық түрде айтылған.

Осының арқасында Ұлы Даладан бастау алған түркітілдес халықтардың ежелгі мұрасы ортақ игілікке айналады. Қазақ жері материалдық мәдениеттің көптеген қырының шығу орнына айналған. Тағы бір қыры, қазіргі заманғы қоғамның жай ғана нәрсе емес, ол өз уақытында өңірлеріміздің тарихына айнала білді. Ұлы Дала елі - әлемге жылқы шаруашылығы мен атқа міну мәдениетін сыйлаған дархан даламыз екені баршаға мәлім.

 

«Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі» жобасы

Қазіргі Қазақстан аумағында орналасқан Ұлы Дала - адамзат өркениетінің тарихқа дейінгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі дамуының куәсі болып саналады. Даладан тысқары шыға отырып, дала мәдениетінің элементтері дербес өміріне ие болып, әлемдік өркениеттің ажырамас бөлігіне айналған. Мәселен, жылқыларды бағындырған Ботай мәдениеті, Ежелгі Қазақстанды сол кезеңдегі ірі металлургия орталығына айналдырған Андронов пен Беғазы-Дәндібай мәдениеті әлемдік тарих пен мәдениетке өз үлесін қосқан.

Бүгінде әлемнің көптеген музейлерінің экспозицияларын Сақтар өнері жауһарлары көркемдеп тұр. Бірақ қазіргі Қазақстанды мекен еткен ежелгі халықтар тек білікті малшылар, диқандар мен жауынгерлер болған жоқ. Мұғалжар аумағында тұратын аргиппей тайпалары тарихта білікті дипломаттар ретінде өз іздерін қалдырған. Геродот аргиппейлер туралы көршілерімен қасиетті адамдар ретінде қалам тербеген. Көрші мемлекеттердің билеушілері даулар мен қақтығыстар кезінде оларға шешім қабылдауға жүгінетін болған.

Түркілердің келуі Еуразия тарихының жаңа кезеңін бастады. Пайда болған, гүлденген және құлдилаған түркі мемлекеттері Еуразиялық тарихтың экономикалық, саяси және мәдени ландшафттарында өздерінің елеулі іздерін қалдырған. Ежелгі түркілер кең географиялық шекарадағы кеңістікті игере отырып, көшпелі және отырықшы өркениеттің симбиозын құрған.

Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде ақпаратты ауыздан-ауызға таратудың дәстүрлі әдістері ақпарат алуға деген қоғамдық сұранысты бағындыра алмайды. Кітаптарды, әсіресе, ғылыми сипаттағы немесе танымал ғылыми бағыттағы оқу дәстүрлері бірте-бірте артта қалып, кенжелеп барады. Тіпті, медиа арналар арасында теледидар да біртіндеп өз орнын жоғалтуда. Мұндай жағдайда олардың орнын асыл мұраларды көздің қарашығындай сақтап, қамқорлық жасауда негізгі әлеуметтік-мәдени институттардың бірі - музейлер. Сондықтан музейлер, еліміздің жалпы мәдени кеңістігінде қазіргі заманғы мәдениет пен тарихи мұра арасындағы «делдал» болатын ерекше тетікке айналуы тиіс.

 

Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы

Халық музыкасының қазақ халқы өмірінде ерекше рөлі бар. Көптеген ежелгі мифтер мен аңыздарда көрініс тапқан бұл өнер - мәдениеттің сансыз қабатының терең тарихи өміршеңдігін растайды. Тереңдігі мен сұлулығы жағынан алып қарайтын болсақ, қазақ фольклорындағы мифтер мен аңыздарды салыстыруға келмес. Оларды қазақтардың этногенезіне қатысты ежелгі тайпалар мен халықтар құрды. Сондай-ақ, олар өз кезегінде ата-бабалардың бай мәдени дәстүрлерін құраған. Дәстүрлі діни жүйенің ажырамас бөлігі болып саналатын музыкалық мифтер мен аңыздар - музыкалық аспаптың ғарыштық тәртіптің құрушысы әрі тасымалдаушысы ретінде саналады.

Қазақ халқы әнге өте бай. Қазақ халқының әндерінде оның көп ғасырлық тарихы, ойлары, сезімдері, үміттері мен армандары, тіпті, қайғысы мен қуанышы көрініс табады. Қазақтың ән өнерінің ауқымдылығы осылай анықталмақ. Мәнді де сазды әуендер әсемдігімен, сан алуан сюжеттері мен жанрлары арқылы тірі жанды баурап алады. Онда барлық жанрлар өзінің қайта өрлеу мен кемелдену күнін естірте алатын бай құдіретті күші бар.

 

«Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» жобасы

Деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы топтамасын шығару -Қазақстанның өркениет тарихын шартарапқа үздіксіз көрсетпек.