Басқарма қызметінің негізгі мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қатысатын құрылымдардың қызметін аналитикалық және ұйымдастырушылық деңгейде қамтамасыз ету болып табылады.

Басқарманың негізгі міндеттері:

  1. «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру аясында іс-шараларды дайындау;
  2. «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің және өңірлік сараптамалық кеңестердің қызметін мониторингілеу және талдау;
  3.  ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Орталық сараптама кеңесінің қызметі бойынша ұсыныстар әзірлеу;  
  4. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі республикалық және өңірлік жоспарларды мониторингілеу және талдау;
  5. Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау