ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ СУРЕТШІСІ

Баранов Константин Яковлевич (1910-1985 жж.)

Баранов Константин Яковлевич (1910-1985 жж.)

Ең көп із қалдырған қызмет саласы

Талантты суретші, график, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Константин Барановты Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда жұмыс істеген ең талантты графиктердің бірі деп атауға болады.

График суретші Константин Барановтың есімі Қазақстанда өзінің көптеген ертегілер мен әңгімелерге жасаған иллюстрацияларымен танымал.

Ресейдің Нижний Новгород губерниясының Большое Козино қаласында 1910 жылы 3 маусымда дүниеге келген және 1940 жылға дейін Новосибирск қаласында өмір сүрген. Осы кезеңінде Баранов металлургия комбинаты жұмысшыларының өмірінен сыр шертетін тақырыптарға ден қойды.

1927-1930 жылдары Иркутск қаласындағы И.Л. Копыловтың көркемсурет шеберханасында оқыды.

40-жылдардан бастап Алматыда тұрып, жұмыс істеді. 1947-1956 жылдары ол Казгосиздаттың бас суретшісі болды. 1948-1951 жылдары Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы қызметін атқарды.

Қызықты өмірбаян деректері

«Гравюраны ою барысындағы К.Барановтың жағымды энергиясы әр штрихының мінезінен көрінеді», - деп өнертанушы П.Д. Муратов гравюра стилінің қасиеттерін, парақтың бүкіл кеңістігін, сызбаның пластикалық сұлулығын игеруге суретшінің бейімділігін сипаттайды.

Тұлға туралы қазіргі замандастардың естеліктері, зерттеушілердің, оқушылардың, ұрпақтардың пікірлері

Консантин Баранов қазақстандық графиканың дамуына айтарлықтай үлес қосып, оның негізін қалаушысы болды. Автордың еңбектері оның ерекше шығармашылық тұлғасына назар аударып қана қоймайды, сонымен қатар дәуірдің аймақтық көркем мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді, бізге белгілі уақыттың ең танымал оймалау техникасның бірі - линогравюраның стилистикалық мүмкіндіктерін көруге мүмкіндік береді.

Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары 

К.Я. Барановтың шығармаларында қазақ өнерінің этнографиялық тақырыбы айқын көрініс тапты. Қазақ мәдениетіне деген қызығушылық қазақ ертегілерінің суреттерінде терең көрініс тапты. 1940 жылы Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін ол «1916» өлеңдер жинағын, ал кейінгі жылдары «Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу», «Қазақтың батырлық эпосы» және т.б. жинақтарын безендірді. Кейінгі кітаптардан ол К.Әзірбаевтың «Әли-Батыры» мен С. Мұқановтың «Ботагөзін» безендірді. 

Оның Алматыда жасалған еңбектері нақышқа және қарапайымдылыққа ие болды, таныс тақырыптарды түсіндіруде жаңа лирикалық иірімдер пайда болды. 

Шығармашылық мұрасы

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы көрнекті графиктер В.А. Фаворский, А.И. Кравченко, П.Н. Староносовтардан алған ықпалды сезіне отырып, К.Я. Баранов  гравюраның көркемдік тілін игерді және шығармаларында өз шеберлігі мен образдардың әсерін арттырды. 

Баранов жұмыстарының жарқын беттерінің бірі – 1963 жылы М.Н. Карибов құрастырған ұйғыр халық ертегілерінің линогравюра желісі. 

Марапаттар

Ол Ұлы Отан соғысының ардагері. 1 және 2 дәрежелі Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Библиография

  1. Казахстан. Национальная энциклопедия.  Баранов Константин Яковлевич. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004.
  2. Голикова С. Линогравюры Константина Баранова //Литературный журнал «Сибирские огни», ноябрь 2016. - №11.

Естеліктер

Константин Барановтың «Қарағанды» (1963 ж.), «Балқаш және Арал теңізінің балықшылары» (1966 ж.), «Өзен жағасында» акварельдері (1937 ж.), «Маневр жасау» (1938 ж.), «Мартенді жөндеу» (1961 ж.), Жамбыл (1971 ж.), Абай (1981), «Қазақ және ұйғыр ертегілері» (1951 ж.), «Қазақ эпосы» (1956 ж.) және т.б. литографиялары көпшілікке танымал.