Басқарма Төрағасының орынбасары

ҚАЙДАРОВА ӘСЕМ СЕРІКҚАЗЫҚЫЗЫ 

Қоғамның жаңғыруы әлеуметтік зерттеулер, Отбасы институтын зерттеу, Қоғамдық процестерді зерттеу орталықтарының жұмысына жетекшілік етеді және үйлестіреді. Мемлекеттік тапсырманың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Қоғамның Даму жоспарының орындалуын, жетекшілік ететін бағыттар бойынша Қоғам қызметінің басым бағыттары бойынша Даму стратегиясы мен өзге де құжаттардың орындалуын ұйымдастырады.

  •  1982 жылы 12 наурызда туған. 
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «тарих» мамандығы бойынша аяқтады. 
  • Саясаттану магистрі, саяси ғылымдарының докторы.
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану бойынша аспирантурасын бітірді, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Oklahoma state university (АҚШ) тағылымдамадан өтті.
  • 2007-2011 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің саясаттану кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеді.
  • 2011 жылдан 2016 жылға дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің саясаттану кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы, ғылым, инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары болды.
  • 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары, ғылыми-әдістемелік басқармасының бастығы қызметін атқарды.