Бағдарлама жобаларының басқармасы
Басқарма қызметінің негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қатысатын құрылымдардың қызметін аналитикалық және ұйымдастырушылық деңгейде қамтамасыз ету болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері:
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру аясында іс-шараларды дайындау;
- «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің және өңірлік сараптамалық кеңестердің қызметін мониторингілеу және талдау;
- ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Орталық сараптама кеңесінің қызметі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Бағдарламаны іске асыру жөніндегі республикалық және өңірлік жоспарларды мониторингілеу және талдау;
- Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау
Жүсіпбекова Ботагөз Сарсенқызы – «Рухани жаңғыру» Бағдарлама жобаларын басқару Басқармасының басшысы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Шет тілі: екі шет тілі» (араб-ағылшын) мамандығын тәмамдаған. Египеттің Білім Министрлігі жанындағы «саясаттану» бағыты бойынша Каир қаласында біліктілікті арттыру курсынан өткен. «Халықаралық рейтингтер (ЭЫДҰ, БҰҰ және басқалар) негізінде ұлттық және өңірлік ауқымда қоғамдық игілік деңгейін талдау бойынша зерттеу жүргізу, мемлекеттік органдар үшін қоғамдық игілік мәселелері бойынша халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның салалары көрсеткіштері мен ұстанымдарын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу» Талдамалық есебінің, «Халықаралық рейтингтерде салалар көрсеткіштері мен Қазақстанның ұстанымын жақсарту» Талдамалық баяндамасының бірлескен авторы. Сондай-ақ, «Қоғамдық әл-ауқат мәселелері бойынша тиісті халықаралық рейтингтерде Қазақстанның салалары мен позицияларын жақсарту» жөніндегі Жол картасын әзірлеуге қатысқан.
Байланыс:
8-7172- 79-30-57