Отбасы институтын зерттеу орталығы

Отбасы институтын зерттеу орталығы отбасы және гендерлік саясат бойынша зерттеулер жүргізеді.

Отбасы институтын зерттеу орталығының негізгі міндеттері мыналар:

  • отбасы саясаты бағыттарын мониторингілеу, талдау, болжау және өңдеу;
  • отбасы саласындағы өзекті және басым үрдістерді анықтау;
  • отбасы саясаты институтының әдістемелік базасын қамтамасыз ету;
  • отбасы саясаты институтының құзіреттілік деңгейін арттыру;
  • отбасы саясатын іске асыру тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес Отбасы саясаты орталығына жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Орталық қызметкерлері бірнеше әдістемелік нұсқаулықтар әзірледі: тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандары үшін дағдарыс орталықтарының үздік тәжірибелері бойынша; жастарды отбасылық өмірге даярлау бойынша; агрессорлармен жұмыс бойынша; ақпараттық анықтамалық – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша басшылық және т.б.

Қазақстанның көп балалы отбасыларының жағдайы және дамуын зерделеу бойынша әлеументтанушылық зерттеулер; ерте жастан некелесу; отандық кинодағы гендерлік стереотиптер зерттеулері жүргізілді. Қазақстандық отбасыларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары тиімділігі бойынша талдамалық  баяндамасы дайындалды, Қазақстандағы отбасылардың әл-ауқат индексін есептеу әдістемесі  әзірленді.

Сонымен қатар Орталық халықаралық ынтымақтастықты дамытуда: ғылыми байланыстар жолға қойылуда, бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылады (дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.).

Батталова Жұлдыз Серікқызы – Отбасы институтын зерттеу орталығының басшысыю. Әлеуметтану бойынша PhD, БАҚ зерттеу және сыни дикурс талдау саласындағы ғылыми жарияланымдардың авторы. Әлеуметтанулық зерттеу әдістемесі, этникалық және ұлтшылдық, отбасы әлеуметтану саласындағы сарапшы. Жұмыс өтілі-15 жылдан астам. Central Asia Research and Training Initiative/Carti Open Society INSTITUTE бағдарламасының халықаралық грантының иегері. Жоғары білім беруді қолдау бағдарламасы (OPEN SOCIETY INSTITUTE, HIGHER EDUCATION SUPPORT PROGRAM (2012-2014 жж.). Барселона автономиялық университетіне (Испания), Экзетер университетіне (Ұлыбритания), Наймегенге және Роттердамға (Нидерланды) шақырылған зерттеуші.

Байланыс телефоны:

8-7172-79-30-74

Back to top button