«Рухани жаңғыру» орталығының стратегиялық талдау тобы
Стратегиялық талдау тобы қызметінің негізгі мақсаты – Қоғам дамуының басым бағыттарын айқындап, Даму стратегиясы мен стратегиялық мақсаттарды қалыптастыру мақсатында қоғамның миссиясы мен пайымын айқындау жөніндегі ұсыныстар әзірлеу.
Топтың негізгі міндеттері:
- Қоғамның ұзақ мерзімді даму стратегиясын қалыптастыру және өзектендіру;
- Қоғамның Даму стратегиясы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің тиімділігін бақылау және талдау;
- Стратегиялық бастамаларды орындалуын бақылу және Қоғамның даму стратегиясын жүзеге асыру әдіснамаларымен қамтамасыз ету;
- Қоғамның даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша сараптамалық қызмет көрсету;
- Қоғамдық инновацияларды енгізуге көмектесу;
- Қоғам процестерін анықтау, талдау және тұрақты түрде жетілдіріп отыру;
- Қоғамның тұрақты дамуын талдау және мониторинг жүргізу;
- Стратегиялық даму әдіснамаларымен қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік және уәкілетті органдардың тапсырмасына сәйкес жаңа жобаларды іске асыру;
- Қоғамның әдістемелік кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
- Қоғамның сараптамалық кеңесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру және т. б.
Нұрқатова Ләзат Төлегенқызы – «Рухани жаңғыру» орталығы Стратегиялық талдау тобының жетекшісі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Экономика және бизнес факультетін «Әлеуметтанушы, әлеуметтану оқытушысы» мамандығы бойынша білім алған (1995). Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі.
2012 жылғы «Болашақ» халықаралық бағдарламасының (Ұлыбританияда Лондон Экономика және саяси ғылымдар мектебінде ғылыми тағылымдамадан өткен) стипендианты, Вашингтон және Колумбия университеттерінің (АҚШ) әлеуметтік жұмыс саласындағы оқытушыларды жетілдіру Халықаралық бағдарламасының (Faculty Development Program, Washington University in St.Louis, Колумбия университеті NYC, АҚШ, 2006-2007 жж.) тәлімгері.
Байланыс:
8-7172-79-30-72