Сараптау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы
Функционал:
- барлық мүдделі тараптардың қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша әдістемелік материалдар әзірлеу;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру индикаторларын әзірлеу және мониторингілеу;
- «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ қызметінің стратегиясын әзірлеу;
- Қоғамдық сананы жаңғырту туралы ұлттық баяндаманы әзірлеу;
- қоғамдық сананы жаңғырту саласында форсайттық зерттеулер жүргізу;
- халықаралық тәжірибені зерттеу негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі басымдықтары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
Қамзанова Динара Дәуітханқызы – сараптау және әдістемелік қамтамасыз ету Басқармасының басшысы
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің экономика факультетін тәмамдаған.
«Мәдениет қайараткері» атағының иегері, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы деректі фильмдер топтамасы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантының лауреаты.
Байланыс:
8-7172-79-30-71