Бізбен бірге мансабыңызды құрыңыз

 

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ-ның ұжымы – Компанияның табысты қызметін іске асыратын ұйымшыл, дарынды, шығармашыл кәсіпқойлар командасы. 

Біздің мақсатымыз - әрбір қызметкердің жайлы сезінуі және осы бағытта барлық жағдайды жасаудамыз: заманауи кеңсе, толықтай жабдықталған жұмыс орындары бар.

Біздің ұжымда жұмыс жасай отырып, қызықты жобаларға қатысуға, жаңа білім алуға, жаңа технологияларды игеруге, өзін танытуға және мансап құруға мүмкіндік аласыз.  

Компанияға сапалы қызметкерлерді жұмысқа алу мақсатында бос жұмыс орындарына үміткерлерді конкурстық іріктеуден өткізу жүргізіледі. 

«Рухани жаңғыру»ҚҚДИ» КеАҚ-ның командасымен бірге еліміздің жарқын болашағын жасаңыз. 

Егер Сіз лайықты бос жұмыс орнын таппасаңыз, бірақ Сіздің тәжірибеңіз бен біліктілігіңіз біздің ұжымда өз қолданысын табады десеңіз, онда түйіндемеңізді hr@kipd.kz электрондық поштасына жіберіңіз.