Лауазымдық міндеттері:

-       мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу (негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, өндіріс шығындарының, өнімді өткізудің, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерінің есебі, жеткізушілермен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу, сондай-ақ ұсынылған қызметтер үшін, есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу);

-        қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

-       бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды мен бақылауды және оларды есептік өңдеуге дайындауды жүзеге асыру;

-       бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың қозғалысымен байланысты операцияларды көрсету;

-       Қоғамның қаржылық есептілігін жасау үшін мәліметтерді ұсыну;

-       Қоғамда түгендеу жүргізуге қатысу, мүлік пен міндеттемелерді түгендеу бойынша есептер жасау;

-       өз құзыреті шегінде Қоғамның қызметі туралы толық және сенімді бухгалтерлік ақпаратты уақтылы ұсыну;

-       құжаттарды, жалақы бойынша есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс ресімдеу, салық және басқа да міндеттемелерді дұрыс есептеу және аудару;

-       Қоғамның қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысу;

-       қаржылық есептілікті және кірістер мен шығыстар туралы жиынтық жедел есептерді, басқа бухгалтерлік және статистикалық есептерді жасауды, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз ету;

-       Қоғамның салық есептілігін қалыптастыру және тапсыру.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

-       білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) экономикалық, қаржылық немесе бухгалтерлік;

-       жұмыс тәжірибесі: қаржы-бухгалтерлік жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

-       «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері» сертификатының немесе бухгалтерлік есеп саласындағы басқа да халықаралық сертификаттардың болуы.

 

Шарттары және ұсынылатын жалақы сұхбаттасу кезінде талқыланады.

Еркин Каюпов – HR- менеджер

8 7172 648511e.kayupov@kipd.kz