Басқарма Төрағасының орынбасары

Демеуов Махсат Жамалханұлы

Қаржы-шаруашылық қызметіне, даму жоспарын қалыптастыруға және Қоғамдастықтың қаржылық тұрақтылығын қолдауға жетекшілік етеді. Қаржы ресурстары мен активтерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп, келесі бағыттардың жұмысын үйлестіреді: бухгалтерия, бюджеттік жоспарлау, HR және құжаттамалық қамтамасыз ету, құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу, әкімшілік қамтамасыз ету және еңбекті қорғау.

  • 1978 жылы туған.
  • 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика және қаржы саласындағы бірқатар кәсіби бағдарламалар бойынша курстарда оқыды. 
  • Экономиканың түрлі салаларында 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар.
  •  Еңбек жолын «BDO Қазақстанаудит» АҚ маманы болып бастаған.
  •  Әр жылдары ҚР Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі минисртілігінде, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, жеке бизнесте түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерді атқарған.
  •  2021 жылдың маусымына дейін ҚР ЦДИАӨМ «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК ішкі аудит қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.
  •  2021 жылғы маусымда Қоғамдастықтың Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.