АЛМАТЫ - МЫЗҒЫМАС РУХТЫҢ МУЗАСЫ

Домбровский Юрий Осипович (1909-1978 жж.)

Домбровский Юрий Осипович (1909-1978 жж.)

Ең көп із қалдырған қызмет саласы

Кеңестік прозаның көрнекті жазушысы, ақын, әдебиеттанушы, мемуарист.

Домбровскийдің шығармашылығын шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады: қазақстандық (1933-1955 жж.) және мәскеулік (1956-1978 жж.). Қазақстанға жер аударылған уақытта ол өте жас, ешкімге белгісіз және өмірі қиыншылыққа толы болды. Осы өңірде ол үлкен шығармалардың танымал авторы болып қалыптасты.

1933 жылы тұтқындалып, Мәскеуден Алматыға жер аударылды, оның өмірінің көп бөлігі осы қаламен байланысты болды: «Мен 1933 жылы әлемдегі басқа қалаларға ұқсамайтын ерекше қаланы бірінші рет көрдім. Сол кезде ол мені қалай таң қалдырғаны есімде».

Қызықты өмірбаян деректері

Домбровский Тастақта бес баласы бар жесір қазақ әйелінен бөлме жалдап тұрды. Күнде таңертең әйел нан пісіріп, оны алты бөлікке бөлетін – балаларына және бейтаныс адамға. Домбровский мұны есіне алған сайын көз жасын тия алмайтын.

Жазушы өзінің «Хранитель древностей» (1966 ж.) романында апорт туралы жазады: «Бұл шын мәнінде керемет алма - үлкен, жарқыраған, ашық қызыл түсі бар. Мен оны алғаш көргенде өз көзіме сене алмадым. Ол үлкен раушан гүлдердің суреті бар қара қаңылтыр табақта жатты. Табақта үш алма ғана болса да, раушан гүлдер алмалардың қасында үлкен болып көрінбеді, дегенмен де олар ыдыстың барлығын қамтып жатты - жарқыраған, лакталған жәрмеңкелік матрешкалар тәріздес, жарық пен көктің құйындары сияқты бояулармен әшекейленген ...».

Тұлға туралы қазіргі замандастардың естеліктері, зерттеушілердің, оқушылардың, ұрпақтардың пікірлері

Жазушының атақты «Обезьяна приходит за своим черепом» романы жарық көруге дайын болған уақытта Домбровский тұтқындалды және барлық қолжазбалар тәркіленді. Ақталғаннан кейін Мәскеуде Домбровскийге есімі құпия болып қалған бейтаныс адам келіп, оны өртеп жіберу туралы бұйрықты орындамағанын айтып, қолжазбаны қайтарып береді.

Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары 

Юрий Домбровский үшін қазақ мәдениеті қымбат болғаны соншалықты, ол тіпті мәскеуліктер Юрий Казаков пен Владимир Дудинцевті әңгімелерімен қызықтырып, Алматыға көшулеріне себепкер болды. Кейін В.Дудинцев Юрий Домбровскийдің бірнеше рет: «Сайтан алғыр, қазақтар тәуелсіздігін қашан жариялайды?» деп сұрағанын есіне алады.

Юрий Домбровский қазақ тілін жетік меңгерді. Ол қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударды, шебердің қолынан Ғабит Мүсіреповтің, Сәбит Мұқановтың әңгімелері мен повестері, Ілияс Есенберлиннің «Қатерлі өткел» және «Айқас» романдары аударылып шықты.

Сондай-ақ, публицист көрнекті суретшілерге – тұңғыш қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевке, сәулетші Андрей Зенковқа және басқаларына арнап мақалалар сериясын шығарды. Ю. Домбровский режиссер Шәкен Аймановпен, жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен және драматург Тахауи Ахтановпен достық қарым-қатынаста болды. 

Шығармашылық мұрасы

Домбровскийдің шығармашылығы гуманистік идеалдарға толы. Еңбектерінің негізгі тақырыбы: тоталитарлық қоғам болмысы және жеке адамның моральдық-адамгершілік құндылықтары арасындағы орын алатын қарама-қайшылықтар.

Марапаттар

«Новый мир» журналының сыйлығы (1964 ж.). Өмірден өткеннен кейін Альбин Мишель баспа үйінің «1979 жылғы ең үздік шетелдік кітабы үшін» марапаты (1979 ж., Франция).

Библиография

  1. Домбровский Ю.Державин: биографический роман. - Алма-Ата: КИХЛ, 1939. - 262 с. 
  2. Домбровский Ю. Обезьяна приходит за своим черепом. - М.: Советский писатель, 1959. - 416 с.
  3. Домбровский Ю. Хранитель древностей. Алма-Ата: Жазушы, 1989. 352 с.
  4. Домбровский Ю. Смуглая леди: Три новеллы о Шекспире. - М.: Советский писатель, 1969. - 184 с. 
  5. Домбровский Ю. Факел. Рассказы. Алма-Ата: Жазушы, 1974. — 112 с. 12 000 экз.
  6. Домбровский Ю. Факультет ненужных вещей. - М.: Художественная литература, 1989. - 512 с. 
  7. Баянбаева Ж. Алма-Ата в прозе Ю.О.Домбровского Вестник РУДН, серия Вопросы образования: языки и специальность, 2015, № 5 С.354-359
  8. Вульфович Т. Разговоры с Юрием Домбровским //  Моё неснятое кино. — М.: БПП, 2009.
  9. Евтушенко Е. Не хранивший себя хранитель // «Новые Известия», 24 Апреля 2009. Из антологии «Десять веков русской поэзии».
  10. Непомнящий В. Homo liber (Юрий Домбровский) // «Новый мир», № 5, 1991.
  11. Шенфельд И. Круги жизни и творчества Юрия Домбровского // Грани, № 111-112 (1979), с.351-377, .518-528.

Естеліктер

Юрий Домбровскийдың шығармашылы: Державин: биографический роман, Обезьяна приходит за своим черепом, Хранитель древностей, Факультет ненужных вещей, Рождение мыши: Роман в повестях и рассказах, Смуглая леди: Три новеллы о Шекспире, Факел. Рассказы.