Әдістемелік құрал ішкі саясат саласы қызметкерлерінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және ілгерілету аясында жүргізілетін идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында дайындалды. Аталмыш құрал Бағдарлама бойынша идеологиялық және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетуге және ішкі саясат саласы қызметкерлерінің құзыреттерін жетілдіруге бағытталған.

Әдістемелік құрал жергілікті атқарушы органдар жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің қызметкерлеріне арналған.

Оқу құралы кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Сондай-ақ, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және өз бетінше оқуға ұсынылатын дереккөздер тізімі қоса беріледі. Бұл нұсқаулықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша идеологиялық және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырудың өзекті мәселелері, Бағдарлама шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің жұмыс тәжірибесі қарастырылады, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» оң имиджін қалыптастыру бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің ұсыныстары мен технологиялары беріледі.