«Жастар арасында деструктивті діни сенімдердің таралуы» Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша дайындалды.

Бұл баяндамада жастардың рухани-адамгершілік және құндылық бағдарлары туралы түсінік қалыптастыруға, жастар ортасында деструктивті діни сенімдердің таралуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды анықтауға мүмкіндік беретін бірқатар өлшемшарт бойынша Қазақстан жастарының сипаттамасы берілген. Сондай-ақ,

баяндамада жастардың деструктивті діни ағымдарға тартылуының болжамды сценарийі және деструктивті діни көзқарастардың алдын алу бойынша мемлекеттік және азаматтық институттар қабылдаған шаралардың талдауы қамтылған.

Баяндамада динамикадағы бірқатар отандық әлеуметтік зерттеулердің мол деректері, халықаралық шолулар және діни ахуалдың дамуындағы, соның ішінде халықты радикалдау аспектісіндегі көріністердің ең өзекті әлемдік үрдістері ұсынылған.

Ұлттық баяндама мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес ұйымдарға және діни саладағы сарапшыларға, діни бірлестіктерге, жастар ұйымдарына, БАҚ-ға – мемлекеттік-конфессиялық саясатты тиімді іске асыруға мүдделі барлық адамдарға арналған.