Шілденің 29-ы мен 31-і аралығында "Жастар" ҒЗО ұйымдастыруымен Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің аясында ZOOM платформасы арқылы жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері мен жастар ұйымының және жастар өзін-өзі басқару мекемелерінің өкілдеріне арналған семинар өтеді.

Мақсаты: “Jastar belgisi” жастар орталықтары үшін сапа белгісі" бағдарламасына қатысып жатқан жастар ресурстық орталықтарының және жастар ұйымдары мен қозғалыстары өкілдерінің серіктестігін нығайтып, құзыреттіліктерін (білім, бейім және қарым-қатынастарын) арттыру.

Бапкерлер: Жастар ісі жөніндегі Ұлттық жаттықтырушылар пулының өкілдері Нұрлыбай Наурызбаев, Луиза Узарова, Елена Данилова.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 708 936 96 42 (Нұрлыбай Наурызбаев)