КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ЗЕРТТЕУШІСІ

Карелин Григорий Силич (1801 – 1872 жж.)

Карелин Григорий Силич (1801 – 1872 жж.)

Ең көп із қалдырған қызмет саласы

Атақты натуралист және саяхатшы. XIX ғасырдың бірінші жартысында Батыс Қазақстанды аралап, зерттеген қайраткерлердің ішінде ең жарқын, көрнекті қайраткерлердің бірі. Григорий Силич Карелиннің есімі көпшілікке аса танымал емес, бірақ оның Батыс Қазақстанды зерттеуге қосқан үлесі баға жетпес.

Дворян отбасында дүниеге келген. 1817 жылы Санкт-Петербургтегі кадет корпусын бітірді. Ол әскери елді мекендердің штаб-пәтерінде топографиялық түсіріліммен айналысқан. 1822 жылы ол Орынборға жіберіліп, сол жерде өмірінің соңына дейін қызмет етті.

Мұнда Карелин жаратылыстану ғылымдарын оқи бастады және өмірінің соңына дейін оларға адал болды. Ерекше тапқырлық пен әдептілік, жан-жақты білім алу арқылы генерал-губернатордан бастап қарапайым қазақ арасына дейін даңқ пен құрметке ие болды.

1822 жылдан бастап Карелин әртүрлі мақсаттағы экспедицияларға қосылып, барлық білім салаларын материалдар жинау үшін қолданды: жаратылыстану, география, этнография және басқалары. 1823 жылы ол өзінің алғашқы экспедициясы – далалық топографиялық түсірілімге шығып, бір жылдан кейін Сібірдегі фабрикаларға снарядтар құюды ұйымдастырды.

1831 жылы Бөкей Ордасының ханы жанындағы Сыртқы істер министрлігіне қызметке тағайындалды және сол жылы қырғыз даласын зерттеу үшін Тобылға экспедицияға аттанды.

1832 жылы ол Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігін зерттеу экспедициясының жетекшісі болды, Қызыл-Таш аңғарында Новоалександровск бекінісін тұрғызды және теңіздің осы бөлігінің картасын жасады.

1836 жылы ол Каспийдің шығыс және оңтүстік-шығыс жағалауларын зерттеу үшін экспедицияны басқарды. Карелин және оның серіктері шығыс жағалауында, оның ішінде Қара-Бұғаз-Көл жағалауларының картасын түсірді, оның алғашқы сипаттамасын берді. Табысты жұмысы үшін Григорий атақ, ақшалай сыйлық және өмірлік зейнетақы алады.

1836 жылы ол Каспийді зерттеуді жалғастырады – оған құятын өзендерді зерттейді және сипаттайды, осы жұмыс барысында қазақтармен және түркімендермен танысады. 1839 жылдан бастап Карелин 6 жыл бойы Каспий маңы, Алтай және Жетісуды зерттейді. 1840-1842 жылдары географ және картограф И.П. Кириловпен бірге Жетісуды, Ертіс пен оның жоғары салаларын зерттеді, флораға қатысты көптеген материалдар жинақтады. 1842-1845 жылдары Григорий Силич Семейде тұрады және музейге коллекциялар жинайды. 1845 жылы ол отставкаға кетіп, сапарларын аяқтайды, ал 1849 жылдан бастап Гурьевке қоныстанады.

Қызықты өмірбаян деректері

Карелиннің отбасылық тарихынан қызғылықты дерек бар: «Иә, біз скифтерміз, иә – азиаттармыз біз» деген атақты өлең жолдарының авторы Александр Блок оның даңқты шөбересі.  

Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары 

Дипломат және географ, геолог және ботаник, топограф және зоолог. ХІХ ғасырдағы ең беделді ғалымдардың бірі. Ол Батыс Алтайдың, Жетісудың, Ертістің, Балқаштың, Қазақстанның батыс аймақтарының бұған дейін тұмса табиғатын зерттеуге зор үлес қосты. Тарихшылар Карелинді бұған дейін осы өлкені зерттеген неміс профессоры А. Гумбольтпен бір қатарға қояды. Оның атымен шөп, минерал, сүт қоректі мен құс аталған.

Ол Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауының картасын, сондай-ақ Бөкей ордасының жан-жақты картасын алғаш жасады. Әрі біздің Каспий бойындағы өсімдіктер мен аң-құсты зертеудегі үлесі баға жеткізгісіз. 

Орынборда Григорий Карелин дала аймағының табиғатын зерттеуге қосылды. Провинцияның әртүрлі өңірлеріне көптеген сапарлар жасады. Ол ғылыми маңызы зор Орынбор өлкесінің табиғи тарихы туралы неғұрлым ауқымды материал жинады. Г.С. Карелиннің еңбектері Ғылым академиясының жоғары бағасына ие болды және өңірдің табиғи құндылықтарын дамытуда ерекше рөл атқарды.

Екі экспедиция кезінде ол география және этнография туралы білімдерін бір уақытта байытады. 1827-1829 жылдары Бөкей ордасының жан-жақты картасын жасады, ол үшін гауһар сақина түрінде марапат алды.

Шығармашылық мұрасы

Ол география, зоология және гербарий коллекциясы туралы көптеген еңбек жасады. Әмударияның ежелгі арнасының картасын құрастырды. Өсімдіктердің 220-дан астам түрін анықтады Оның ғылыми еңбектерінен Алтай мен Жоңғар өсімдіктерінің тізімі маңызды, олардың арасында көптеген жаңа түрлер бар.

Заманауи зерттеушілердің еңбектерін қорытындылай келе, өз зерттеулерінің негізінде ол Орал-Каспий аймағының табиғи ресурстарының, өсімдіктері мен жануарларының алғашқы ерекше кадастрын жасап, «Разбор статьи г. Рябинина «Естественные произведения земель Уральского казачьего войска» (1867–1868 жж.) сыни еңбек ретінде жарық көрді. 

Марапаттар

20 жыл ішінде өз саяхаттарынан кейін 11 томдық шығарманы баспаға дайындады. Алайда, өкінішке орай, 1872 жылы шыққан өрт оның барлық қолжазбаларын қосқанда, Карелин тұрған үйді де жалмады. Саяхатшының өзін, сал ауруымен ауырған науқасты өртке оранған үйден әрең алып шығады. Карелин бұл соққыны көтере алмай қайтыс болды.

Көптеген еңбектер мен қолжазбалар бүгінгі күнге дейін сақталмады. Сақталған қолжазбалардың барлығы 1868 жылы басылды.

Библиография

  1. Оның саяхаттары мен ғылыми нәтижелері туралы профессор М.Н. Богданов «Записок императорского русского географического общества» (1886 ж.) X томда «Путешествия Г.С. Карелина по Каспийскому морю» деген атаумен жарық көрді. Бұл жерде экспедициялар туралы және Карелиннің әр түрлі мақалалары бар. 
  2. Шығармалары: Каспий теңізіне саяхат, «Западно-Русского географического общества», 1883, т. 10.
  3. Павлов Н. В., Натуралисты и путешественники Григорий Силыч Карелин (1801—1872 гг.) и его воспитанник и друг Иван Петрович Кирилов (1821—1842), 2 изд., М., 1948.
  4. Блюмин, Георгий Зиновьевич. В дали неизведанной земли: труды и жизнь Григория Карелина / Г. З. Блюмин; ред. Н. Е. Хайбуллина. - Челябинск, 1982. – 255 с. 
  5. Орыс зерттеушілерінің ұлы теңіз саяхаттары. 1992 ж. Мәскеу.
  6. Кораблев А. Край изгнания стал родным и любимым // Материалы Круглого стола. Атырауский университет нефти и газа. – Атырау, 2018.
  7. Голубев А.В. Без лести предан… // Материалы Круглого стола. Атырауский университет нефти и газа. – Атырау, 2018.
  8. Монастырская Л. Его помнят море и степь // Материалы Круглого стола. Атырауский университет нефти и газа. – Атырау, 2018.

Естеліктер

Карелиннің құрметіне өсімдіктер тұқымы және Лессинг көбелегі - Karelinia тұқымдасы аталды.

2018 жылы Атырау мұнай мен газ университетінде «Г.С.Карелин – тарихқа түскен із» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өтті. Оны орыстардың этномәдени «Былина» бірлестігі ұйымдастырды.