«ОТАНЫМНЫҢ ТАРИХЫНДА ІЗІМДІ ҚАЛДЫРҒЫМ КЕЛЕДІ»

Мансуров Фуат Шакирович ( 1928 - 2010 жж.)

Мансуров Фуат Шакирович ( 1928 - 2010 жж.)

«Менің қызметімнің себептерінің бірі - өзімнің елімнің, Отанымның тарихында қандай да бір із қалдырғым келеді. Алайда, мен әлі де өз халқыма бере алатынымның барлығын берген жоқпын».

Ең көп із қалдырған қызмет саласы

Ресейдің, Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі, РФ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Татарстанның Ғ. Тоқай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Мәскеу консерваториясының профессоры, Қазан мемлекеттік консерваториясының профессоры, Халықаралық ғылым академиясының академигі, халықаралық байқаулардың лауреаты.

Қызықты өмірбаян деректері

Фуат Мансұров - қызықты тағдыры және ерекше тартымдылығы бар адам. 1951 жылы Мансұров Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын Ахмет Жұбанов пен Исидор Зактың жетекшілігімен опера және симфония дирижерлік класы бойынша бітірді. 1949-1952 жылдары Құрманғазы халық аспаптар оркестрінің дирижері, 1953-1956 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, одан кейін Қазақ радиосының симфониялық оркестрінің дирижері болды. 21 жасында Мансұров Қазақ опера және балет театрының бас режиссері болды. 

Тұлға туралы қазіргі замандастардың естеліктері, зерттеушілердің, оқушылардың, ұрпақтардың пікірлері

Фуат Шакирович тау-құтқару экспедицияларына қатысты. «Вертикаль» фильмін түсіру кезінде Владимир Высоцкиймен кездесіп, ара-тұра гитарасының құлақ-күйін жөндеп тұрды. 

«Бұл – керемет тұлға. Мен мансұрлық орындаушылықты сіңіруге тырыстым. Бүгінгі музыканттар Мансұров мектебінен өткен деп айтуға болады. Бұл өте қымбат тұрады» (Владимир Праченко - концертмейстер, халық әртісі).

Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары 

«Жайық жері таланттарға бай - ұлы Құрманғазы мен Динаның, Ғарифолла мен Шамғонның дарыны және басқалары Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге әлемдік музыкалық мәдениеттің даңқын құрайды».

Шығармашылық мұрасы

1963 жылдан бастап ол қайтадан Қазақ опера және балет театрында жұмыс істейді, онда П.Чайковскийдің «Евгений Онегин», М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», Ғ.Жұбанованың «Жиырма сегіз»  және т.б. опералық қойылымдарын жүргізді. 1966 жылы Бүкілодақтық дирижерлар конкурсында сәтті өнер көрсеткеннен кейін Фуат Мансұров Мәскеудегі Үлкен театрға шақырылды. Оркестрлік музыканттарды тәрбиелеудің жаңа әдістемесі және симфониялық оркестрде ойынға бейімделуге арналған жаттығулар жүйесі жасалып, енгізілді. 

Марапаттар

Қазақстанның Мемлекеттік симфониялық оркестрін құрды және басқарды. 1958 жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағына ие болды. 

Библиография

  1. Биография на сайте Большого театра https://www.bolshoi.ru/about/press/articles/memory/5269/
  2. Репетиция маэстро: Интервью // Зеркало недели. - 19-25 января 2008. - № 2 (681).
  3. Козырева Т. «Репетиция маэстро. Дирижер Фуат Мансуров» // 18.01.1994. - № 681. 
  4. Интервью // Квартирный ряд. - 29 ноября 2007. - № 52 (675).