назадОтбасы институтын зерттеу орталығы
Отбасы институтын зерттеу орталығы отбасы және гендерлік саясат бойынша зерттеулер жүргізеді.
Отбасы институтын зерттеу орталығының негізгі міндеттері мыналар:
- отбасы саясаты бағыттарын мониторингілеу, талдау, болжау және өңдеу;
- отбасы саласындағы өзекті және басым үрдістерді анықтау;
- отбасы саясаты институтының әдістемелік базасын қамтамасыз ету;
- отбасы саясаты институтының құзіреттілік деңгейін арттыру;
- отбасы саясатын іске асыру тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес Отбасы саясаты орталығына жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Орталық қызметкерлері бірнеше әдістемелік нұсқаулықтар әзірледі: тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандары үшін дағдарыс орталықтарының үздік тәжірибелері бойынша; жастарды отбасылық өмірге даярлау бойынша; агрессорлармен жұмыс бойынша; ақпараттық анықтамалық – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша басшылық және т.б.
Қазақстанның көп балалы отбасыларының жағдайы және дамуын зерделеу бойынша әлеументтанушылық зерттеулер; ерте жастан некелесу; отандық кинодағы гендерлік стереотиптер зерттеулері жүргізілді. Қазақстандық отбасыларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары тиімділігі бойынша талдамалық баяндамасы дайындалды, Қазақстандағы отбасылардың әл-ауқат индексін есептеу әдістемесі әзірленді.
Сонымен қатар Орталық халықаралық ынтымақтастықты дамытуда: ғылыми байланыстар жолға қойылуда, бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылады (дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.).
Айгүл Қуанышбайқызы Рақышева – Отбасы институтын зерттеу орталығының басшысы
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, халықаралық ғылым және өндірісті ұйымдастыру академиясының корреспондент-мүшесі, Аккредитациялау және рейтинг тәуелсіз агенттігінің 1 санатты ұлттық сарапшысы.
Жұмыс өтілі –22 жылдан астам. 60-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде монография, «Scopus» деректер базасындағы ғылыми мақалалар авторы.
Байланыс телефоны:
8-7172-64-85-32