Отбасы – мәдениеттің негізгі құндылықтарын трансляциялайтын және әр жаңа ұрпақты әлеуметтендіруді жүзеге асыратын ерекше әлеуметтік институт. Бұл тұрғыда отбасы адам мен қоғам арасындағы делдал және әлеуметтік процестерге ықпал ететін маңызды фактор болып табылады.

Отбасының әлеуеті қазіргі қоғамда күрделі өзгерістерге ұшырап жатқан негізгі функцияларын орындау арқылы жүзеге асырылады. Бүкіл әлемде неке беделінің төмендеуі байқалады, отбасылық өмірдің балама түрлері таралуда, ажырасулар саны артуда, аз балалы болу қалыпты жағдайға айналуда, балаларды дүниеге алып келу өмірдің кейінгі кезеңдеріне қалдырылып жатыр, туыстық қатынастар келіссөздер тақырыбына айналуда және келісім-шартпен бекітілуде.

Екінші жағынан, отбасы әлеуметтік саясат жүйесінде жеке бағыт қалыптастыратын мемлекеттің күш-жігерінің объектісіне айналады. Отбасылық-демографиялық саясат отбасының өмір сүру жағдайын жақсартуға және сапасын арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық, ғылыми, ақпараттық және кадрлық қамтамасыз ету қағидаттарының, бағалауларының және шараларының жүйесін білдіреді.

Әлеуметтанулық сауалнамалар отбасылық-демографиялық саясат саласындағы жағдайды талдаудың және кері байланысты қамтамасыз етудің маңызды құралы. «Отбасылық-демографиялық саясат» талдамалық баяндамасы әлеуметтанулық зерттеуді іске асырудың қорытындысы болып табылады, оның мақсаты отбасы институтының жұмыс істеуі туралы шынайы ақпарат алу және Қазақстандағы негізгі демографиялық үрдістерді айқындау болды.

Зерттеу объектісі – әлеуметтік-демографиялық және территориялық сипаттамаларын көрсететін параметрлер бойынша таңдап алынған Қазақстан Республикасының 18 және одан жоғары жастағы халқы.

Зерттеу пәні – отбасылық-демографиялық саясат мәселелері бойынша қазақстандықтардың пікірін зерделеу