«ҚАЗАҚ КСР-НІҢ ТАРИХЫ» ЖӘНЕ 

«БЕКМАХАНОВ ІСІ»

Панкратова Анна Михайловна (1897 – 1957 жж.)

Панкратова Анна Михайловна (1897 – 1957 жж.)

«Ол ешқандай жау емес, өзінің көзқарасы мен ұстанымдары бар нағыз ғалым». А.М. Панкратова Ермұхан Бекмаханов туралы

Ең көп із қалдырған қызмет саласы

Белгілі кеңес тарихшысы, ғылыми кеңесші, қоғам қайраткері, КСРО Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, бірнеше академиялардың мүшесі.

Одесса университетінің тарих факультетін және профессорлар институтын бітіріп, Коммунистік ағарту академиясында сабақ берді, Мәскеу мемлекеттік университеті КСРО тарихы кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс атқарды. КСРО Ғылым академиясы Тарих институты директорының орынбасары, директордың міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 1953-1957 жж. - «Вопросы истории» журналының бас редакторы болған.

Тұлға туралы қазіргі замандастардың естеліктері, зерттеушілердің, оқушылардың, ұрпақтардың пікірлері

Бекмаханов ісі: бұл қалай болды …

Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (1915-1966 жж.) - Қазақстан мен Орта Азиядағы тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі және «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» монографиясының авторы. Аталған монографияда Ермұхан Бекмаханов келтірген және «Қазақ КСР Тарихының» академиялық басылымына енген Кенесары Қасымов бастаған көтерілістің ұлт-азаттық сипаты туралы ғылыми тұжырым «буржуазиялық ұлтшылдықты» айыптауға және оның қамауға алынуына себеп болды. 

Бұл ғасыр үдерісі. Осы үдерістен кейін 1952 жылы 4 желтоқсанда Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ермұхан Бекмахановтың бастан кештен оқиғалары туралы сөз болғанда, оның ғылыми кеңесшісі Анна Панкратованың да есімі аталады.

Түрмеге қамалған уақыттан бастап  екі жылдан кейін Бекмаханов ақталып, жұмысқа қайта оралады. Анна Панкратованың табандылығының арқасында бұл мәселе Сталинге, кейін Хрущевке дейін жетті.

Бекмахановтың жесірі Халима Бекмұхамедованың естеліктерінен: 

«Ол Ермұхан үшін көп нәрсе істеді. Оны өзінің екінші анасы деп есептейтіні де  орынды. А.М.Панкратованың шынымен осындай екендігіне Ермұханды 25 жылға соттаған кезде көзім жетті ... Бұл оқиға 1953 жылы, Сталин қайтыс болғанға дейін болды. Панкратова, сол кезде КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған еді. Ол өзінің студенті болған Сталинге мынадай сөздермен жүгінді: «Қазақтың жас, дарынды ғалымы Кенесары Қасымовтың ғылыми жұмысы үшін жиырма бес жылға қамалды, мен оның ғылыми жетекшісі болып, жұмыстың жазылуын қадағаладым, сондықтан оның тағдырына қатысым бар деп есептеймін. Олай болса, не себепті мені Жоғарғы Кеңестің депутаты етіп тағайындадыңыз? Бұл қазақтың жас маманының ғана емес, бұл менің де кінәм!». Сталин түсініктеме жазуды ұсынып, «Мен бұл мәселені қарастырамын» деді. Панкратова бәрін егжей-тегжейлі жазып, Сталинге осылайша өз пікірін білдірді».

Сталин көп ұзамай өмірден өтеді. Хрущев Сталиннің орнына келгенде, Панкратова Хрущевке де жүгінеді.

Ермұхан Бекмахановтың ісі 1954 жылы 16 ақпанда қаралғаннан соң, ол толығымен ақталып, докторлық дәрежесі қалпына келтірілді. 

«Бостандыққа шыққаннан соң, ол бірден Анна Михайловнаға барды», - деп еске алады Халима Адамқызы. -Ол Ермұханды анасы секілді жылы қарсы алды. Оған ақша ұсынып: «Алматыға бармас бұрын жақсы киінуің керек. Саған қарсы адамдар сен жеңілдің деп ойламасын». Ермұхан былай деп айтып келген: «Мен өзіме ратин пальто, жақсы бас киім, жылы аяқ киім сатып алдым. Бірақ шарфқа ақша жетпеді. Мұны естіген Анна Михайловна бірден оның қолына қаражат ұстатып: «Міне, барып сатып ал! Сондай-ақ, өзіңе жейде және балаларға сыйлықтар ал!» Лагерьде тұтқын болған адам қайта оралып, Академияға келген кезде, бәрі таң қалды. Міне, Анна Михайловна осындай адам болды! Ол өмірден өткен соң, Мәскеуден жерлеу рәсімінен келген Ермұхан маған: «Мен өмірде ешқашан, тіпті тұтқында болған кезімде, жүректің не екенін білмейтінмін. Анна Михайловнамен қоштасқан сәтте ғана жүректің қайда ораласқанын түсіндім».

Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары 

Мұнда ол республика тарихшы кадрларын даярлауға көп көңіл бөлді. Оның басшылығымен 1943 жылы Мәскеуден, Ленинградтан және Алматыдан келген белгілі ғалым-тарихшылар тобы «Қазақ КСР-нің тарихын» жазуға кірісті, оны кейін Ресей империясына қарсы көтерілістердің «идеализациясы» деп айыптап, сынға алды. 

Бұл кеңестік тарих ғылымындағы алғашқы іргелі жұмыс және ежелгі дәуірден ХХ ғасырдың 40-шы жылдарына дейінгі Одақтық республиканың тарихын зерттеу тәжірибесін жинақтау болды.

Соғыс жағдайы, идеологиялық қысым, көптеген мәселелердің қарама-қайшылығы жағдайында мұндай жұмыс үлкен маңызға ие болды. Авторлар қатарында А. Баевский, Е. Бекмаханов, А. Бернштам, М. Вяткин, Б. Греков, Н. Дружинин, Н. Тимофеев, А. Якунин, М. Әуезов, Е. Ысмаилов, С. Мұқанов және т.б. болды.

Авторлар тобы жұмысты сәтті аяқтады. Кітап Кеңес Одағы халықтарының тарихын зерттеудегі маңызды кезеңді қамтып, ғылыми зерттеулерге, пікірталастарға, тарихи деректердің шеңберін кеңейтуге түрткі болды. Сонымен қатар, бұл – кеңеске дейінгі және кеңестік кезеңдерге де қатысты зерттеу жұмысы. Кітаптың жазылуына басшылық етіп қана қоймай, А.М. Панкратова жеке бөлімдер жазып, жалпылама баяндама жасады.

Тарихшылар Е.Б. Бекмаханов, С.Н. Покровскийдің докторлық диссертациялары оның жетекшілігімен дайындалды.

Сонымен қатар, ол қазақ халқының көрнекті өкілі Шоқан Уәлихановтың есімін танытуға көп күш жұмсады.

Шығармашылық мұрасы

200-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы. КПСС Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды, сондай-ақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болып сайланды. Кеңестік тарих ғылымын тарихшылардың халықаралық конгрестерінде танытты: 1933-1934 жж. - Варшавада, 1953 жылы Будапештте, 1955 жылы Римде. КСРО Ұлттық тарихшылар комитетін басқарды (1955-1957), КСРО-да БҰҰ көмек ассоциациясының төрағасы болды.

30-шы жылдары Панкратова тарихшылар С.Д. Асфендияров және М.П. Вяткинмен бірлесе жұмыс атқарды.

Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО Ғылым академиясы Тарих институтының бір топ мамандарымен бірге Алматыға паналады.

Марапаттар

1949 жылы жарық көрген «Қазақ КСР тарихының» бірінші томын жазуға және «Дипломатия тарихын» құруға қатысып, бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлыққа ие болды.

Панкратова «Ленин» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және медальдармен марапатталған.

Библиография

  1. История Казахской ССР: (с древнейших времен до наших дней) / Под ред. М. Абдыкалыкова и А. Панкратовой. - Алма-Ата, 1943.
  2. Основные вопросы истории Казахской ССР // Большевик Казахстана. – 1943. - № 10-12.
  3. Политическая борьба в российском профдвижении 1917-1918 гг. - М., 1927.
  4. Развитие капитализма в России и возникновение рабочего движения. - М., 1947.
  5. Первая русская революция 1905-1907 гг. - М., 1940. 
  6. Великое прошлое советского народа. - М., 1949.
  7. Героическое прошлое нашей Родины. - Таллин, 1949.
  8. Союз рабочего класса и крестьянства - незыблемая основа Советского общества. - М., 1954.
  9. Первая буржуазно-демократическая революция в России. - М., 1955.
  10. Формирование пролетариата в России (XVII—XVIII вв.). – М., 1963.
  11. Рабочий класс России: избранные труды. – М., 1983.
  12. Бесбаев М. «Дело Бекмаханова: как всё это было» // Мысль. - 18 Марта 2014. 
  13. Из истории рабочего класса и революционного движения: Памяти академика А.М. Панкратовой. - М., 1958.
  14. Панкратова Анна Михайловна //Большая советская энциклопедия. / гл. ред. Прохоров А.М. - М: Советская энциклопедия, 1969—1978.
  15. Дружинин Н. Историк-борец (к 80-летию со дня рождения академика А.М.Панкратовой) //Вопросы истории. – М., 1977. - № 1;
  16. Бадя Л.В. А.М.Панкратова — историк рабочего класса СССР. - М., 1979.
  17. Историк и время. 20 - 50-е гг. А.М. Панкратова /отв. ред. Кукушкин Ю.. - М., 2000.
  18. Сидорова Л.А. Панкратова Анна Михайловна //Историки России: биографии / сост. Чернобаев А.. - М., 2001.
  19. Савельев А.В. Необычная карьера академика А.М. Панкратовой. - М: Прогресс, 2012. - 432 с.
  20. Тихонов В.В. Панкратова Анна Михайловна. Энциклопедия Всемирной истории.