Алда келе жатқан Халықаралық әкелер күні қарсаныңда «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтында сарапшылары жанұядағы баланың тәрбиесі мен дамуында әкенің рөлінің маңыздылығы жайында айтылды.

Шара барысында отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесі мен отбасылық құндылықты сақтау, әкенің жанұядағы рөлі жайында өзекті тақырыптар қозғалды. Талқылауға әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері, ҮЕҰ, ғылыми қоғамдастық өкілдері, психолог мамандары мен медиаторлар қатысты. Модератор ретінде Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Рақышева сөз сөйледі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов құттықтау өз сөзінде, мемлекет саясатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отбасындағы қолдау жөнінде айтты.

«Елімізде отбасы институты мен ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту және қолдау мақсатында түрлі гранттық жобалар мен қолдау шаралары қарқын алған. Бұдан бөлек, әкелер институты және т.б.өзекті тақырыптар іске асырылуда. Бүгінгі таңда өңірлерде отбасыларды қолдау мақсатында «Жанұя», «Бақытты отбасы» орталықтарының қызметі ұйымдастырылды, 2020 жылы Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру жұмыстары басталды», - деп атап өтті Ш. Байманов.

 

 

Өз кезегінде, «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Басқарма төрағасының орынбасары Аманбек Төлепбергенов отбасы қоғамды жаңғыртудың базалық институты болып қала беретінін атап өтті. Бала тәрбиесінде әкенің рөлі сөзсіз. Әке - баланың тұлғалық дамуында, мінезі мен адамгершілік және рухани бағдарларын қалыптастыруда аса қажет.

«Әкенің мысалы көбінесе балаларының мінез-құлқын анықтайды. Ата-анасының баланың жас және психологиялық ерекшеліктерін білуі оны түсінуге, жанжал жағдайларының алдын алуға көмектеседі. Бұған дейін келтірілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ата - аналар тарапынан орын алған түсініспеушілік балалар мен жасөспірімдерді суицидке итермелейтін факторлар арасында бірінші орында тұр», - деп атап өтті А.Төлепбергенов.

«Рухани жаңғыру» ҚҚДИ тұрақты түрде заманауи қазақстандық отбасының жағдайы мен мәселелерін талдау бойынша әлеуметтік жұмыстар жүргізеді. Зерттеулерге сәйкес, қазақстандық отбасыларға дәстүрлі құрылым тән, әғни, отбасының көш басшысы ер адам болады (70,6% жағдайда – күйеуі, 3,7% - күйеуінің әкесі). Отбасындағы балаларды күту және тәрбиелеу жөніндегі міндеттердің 40,2% -ы ата-аналар арасында бөлінеді, 38,1% - ы-аналарға, 2,1% - ы-балалар әкелердің қамқорлығында болады.

Сонымен қатар, шара барысында, ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Бексұлтан Тұтқышев әкенің орны және әлемді цифрландыру тақырыбында пікірін білдіріп, ата-аналар мен педагогтар назарына баланы барынша интернет әлемінен алшақ ұстау мақстында, білімге баулу қажет екенін айтты.

«Цифрлық бағытқа» ауысқан кезде халқымыздың рухани құндылығын, оның этикалық негізін жоғалтпау маңызды екенін айтты. Цифрландыру дәуірінде бәрі өзгереді: егер әкелік және аналық бақылау болмаса, онда біз бұл ұрпақты жоғалтуымыз мүмкін. Жастарға өз елінің нағыз азаматы болуға мүмкіндік беретін цифрлық кодтарды ғана емес, мәдени, этикалық, адамгершілік кодтарды да беру қажет», - деп атап өтті Бексұлтан Тұтқышев.

 

 

«Әкелер Одағы» РҚБ төрағасы Мақсұтбек Айтмағамбет байыпты әке болу тақырыбын талқылады.

«Ажырасудың 93% - ында әкелер уақытылы алимент төлейді, тек 7% төлемейді деген ақпарат бар. Алайда, қоғам арасында көптеген әкелер жауапсыз деген пікір қалыптасады, бірақ бұл оның аз ғана бөлігі. Ұдан бөлек, бала асырап алып, оларға үй салып беретін немесе жұбайы қайтыс болғаннан кейін балаларына қамқорлық жасайтын саналы және жауапты әкелердің мысалдарын тауып, көрсету қажет», - дейді М.Айтмағамбет.

Сондай-ақ, Әкелер одағының төрағасы Интернеттегі заңсыз, деструктивті контенттен қорғайтын Қазақстанда балаларға арналған sim-картаны енгізу және қажет емес ақпар жариялайтын сайттарды бұғаттау туралы ұсыныс жасады.

Өз кезегінде, БҰҰ халық қоныстануы қоры АИТВ бойынша бағдарламаларының  үйлестірушісі Юлия Лысенкова Қазақстанда 2019 жылдан жүзеге асқан, ерлерді отбасылық өмірге тарту жөніндегі тұжырымдаманы ілгерілету туралы ақпаратпен бөлісті.

«Өз балаларын тәрбиелеуге айтарлықтай қатысатын ер адамдар өмірге және өздеріне қанағаттанады. Олар өзін-өзі жоғары бағалайды. Табысты әке болу бала тәрбиесіне белсенді қатысумен, баланың жетістіктеріне қызығушылықпен және онымен жиі араласумен сипатталады», - деп атап өтті Юлия Лысенкова.

Сараптама алаңында «Жанұя» орталығының басшысы Әсемгүл Садыр сөз сөйлеп, отбасын қолдау Орталығының қызметі туралы айтып берді. Іс-шара барысында отбасылық психолог Ержан Мурзабаев жас жұбайларға арналған курстар ұйымдастыруды ұсынды.

Өз кезегінде, «Жаңа ұрпақ» Республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы Асхат Әбжанов әкелерге отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттай отырып, заманауи технологияларды белсенді пайдалануды, балама контент құруды ұсынды. Сонымен қатар, ол саналы ата-ана болу курстарын ұйымдастыру қажет екенін атап өтті.

«Көбінесе біздің лагерьде көшбасшылық курстардан өтетін балалар үйге келеді, бірақ ата-анасынан тиісті қолдау алмайды. Кейбір ата-аналар белсенді, ерікті емес, өздеріне ыңғайлы балаларды тәрбиелеуге тырысады. Сонда біз ең алдымен ата-аналармен жұмыс істеу керек екенін түсіндік. Алайда, олар өз балаларын жіберуге дайын болғанымен, өздері бұл өзін - өзі дамыту және саналы ата-ана курстарына баруға тырыспайды», - деп қорытындылады А.Әбжанов.