Азаматтық қоғамды дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын зерттеу. «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу.

Азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз жұмыс байланыстарын орнату (отандық және халықаралық ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықтар, қоғамдық кеңестер). Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ, ҚБ, ОС) өкілдерінің мемлекеттік билік органдарымен өзара түсінуін және өзара іс-қимылын жақсартуға жәрдемдесу. Азаматтық қоғамның түрлі жобаларын (заңнамалық тұжырымдамалар, жұмыс топтары және т.б.) әзірлеуге және сараптауға қатысу.     Консультациялық және сараптамалық кездесулерді, пікірталас алаңдарын, семинарларды ұйымдастыру және өткізу. Азаматтық қоғамды дамыту бойынша аналитикалық баяндамаларды, ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау.