«Қоғамдық сананы жаңғырту. Халықаралық тәжірибе» атты талдамалық баяндамасында Азия, Еуропа, Америка құрлықтарындағы елдердің қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі озық тәжірибелеріне талдау жасалған. Құжатта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың жаңа тәсілдерін енгізу мәселесі қарастырылған.

Халықаралық және отандық тәжірибені талдау негізінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, өңірлік жобалық офистерге, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын басқа да тараптарға ұсыныстар берілген.