Осы басылымда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын институттандыру мәселелері қарастырылады. Авторлар ұжымы Рухани жаңғыру қағидаттарын ілгерілету бойынша жинақталған тәжірибені теорияландыру және Бағдарламаны институттандыру бойынша тұтас картина қалыптастыру әрекеттерін жасаған. Басылымда Бағдарламаны ілгерілету бойынша түрлі көзқарастар және Бағдарламаны жүзеге асыру процесіне тартылған стейкхолдерлердің бірлесе әрекет ету құралдары ұсынылған.

Зерттеудің ерекшелігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты жүзеге асыратын жобалар бойынша алынған кешенді нәтижелер және ғылыми айналымға тұңғыш рет енгізілген талдаушылық баяндамалар кешенімен қамтамасыз етіледі.

Кітап мемлекеттік органдар мен өңірлік жоба кеңселері қызметкерлеріне арналған. Монография әлеуметтік-саяси білімдер моделі бойынша пәндер үшін оқу құралы ретінде, сондай-ақ оқырмандардың кең көлеміне ұсынылады.