Осы аптада Қазақстандық қоғамдық даму институты базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға жауапты барлық институттар үшін оқыту семинарларының сериясы басталды.

Айта кету керек, мұндай оқыту жүйелі негізде жүргізіледі. 2019-2020 жылдары ұқсас семинарлар мен вебинарлар өтті.

«Бұл оқыту іс-шаралары стейкхолдерлердің бағдарламаны ілгерілету саласындағы ақпараттық-коммуникативтік жұмысының сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл, сайып келгенде, оның оң имиджін қалыптастыруға, өзгерістер елшісі амбассодорлары санының өсуіне, халықпен кері байланыс сапасының өсуіне ықпал етеді», - дейді ҚҚДИ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Бұқанова.

Оқыту 5 модуль бойынша жүргізіледі. Тыңдаушылар «Рухани жаңғыруды» тиімді жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен жергілікті қоғамдастықтармен жұмыс істеу технологиясын зерделейді. Сондай-ақ оларға бағдарлама құндылықтары контексінде қазақстандықтардың қоғамдық пікірін зерттеу әдістері туралы ақпарат қолжетімді болады. Қатысушылар социуммен жұмыс істеу технологияларымен (отбасы және жастар қоғамдық дамуды жаңғырту институттары ретінде) және «Рухани жаңғыруды» ілгерілетудегі ақпараттық жұмыстың ерекшеліктерімен танысады.

Оқу бағдарламасы қазақ және орыс тілдерінде 10 вебинардан тұрады. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқыту вебинарлар форматында қашықтықтан жүргізіледі. Оқуға бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың, өңірлік жобалау кеңселерінің қызметкерлері тартылады.

Спикерлер ретінде бағдарламаны іске асыру барысына жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, қазақстандық қоғамдық даму институтының қызметкерлері, сарапшылар қауымдастығының өкілдері сөз сөйлейді. Оқыту қорытындысы бойынша алынған білімді меңгеруді бағалайтын балдары бар электрондық сертификат тапсырылады.

Аталған семинарлар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді іске асыру тәсілдері туралы білім деңгейін арттыруға, бағдарламаның құндылық және тұжырымдамалық негіздері туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін спикерлер пулын қалыптастыруға бағытталған.