МАРИЯМ ЖАГОР ДЕГЕН ОРЫС ҚЫЗЫ

Рекина Мария Егоровна (1887-1950/52 жж.)

Рекина Мария Егоровна (1887-1950/52 жж.)

«Оның жүзі өте жарқын еді,

іштен жарық түскендей.

Көзқарасы ашық және мейірімді,

Қимылы өлшеп жасалғандай …»

(замандасы Қабылда Есмағамбетов)

Ең көп із қалдырған қызмет саласы

Қазақ халық әндерінің авторы және орындаушысы, композитор. Қазақ жігітіне ғашық болған орыс қызы ретінде халыққа танымал.

Мәриәм Жагорқызы орыс халқының тумасы болғанына қарамастан, ол қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне өз үлесін қосты. Оның өмірі өзі үшін ғана емес, бүкіл әлемде кеңінен танымал болған «Дударай» әнінің негізін қалады.

Қызықты өмірбаян деректері

Ресейден қоныс аударған Егор Рекиннің қызы бола отырып, Мәриәм қазақ тілін өте жақсы меңгерген, қазақтың халық әндерін жақсы білді және орындаудың ұлттық мәнерін игере білді.

Әңгіме желісі келесідей өрбиді: орыс қоныс аударушысы Егор Рекиннің (Рыкин) 17 жасар қызы Мария мен жас қазақ жігіті Дүйсеннің арасында ғашықтық сезімі пайда болады. Алайда, сол заманның жастарға деген жаңсақ пікірі олардың қосылуына бірден жол бермейді. Дүйсеннің туыстары оның таңдауын мақұлдамады, Марияның ата-анасы да қызының таңдауына қарсы болды.

Мария далаға бет алып, қашады, кейін аңыз бойынша әйгілі жоқтау әні - «Дударай» дүниеге келеді - Мария Дүйсенді осылай  атайтын. Дүйсен көп ұзамай қыздың артынан кетеді, кең дала оларды панасына алады. Алайда біраз қиыншылықтарды бастан кешіріп, өзен бойында өмір сүреді, жағалаудағы қамыстардан пана табады. Туған-туыстары екі жасты үйге қайтарғаннан соң, үйлену тойын жасайды. 

Тұлға туралы қазіргі замандастардың естеліктері, зерттеушілердің, оқушылардың, ұрпақтардың пікірлері

«Маша, сонымен қатар домбырада шебер ойнады, әуендерді керемет орындады. Ол махаббаттың гимніне айналған негізгі әнін ғашық болған қарапайым қазақ жігіті Дүйсенге арнады. Мария оны Дударай деп атады (немересінің жиені, ҚР еңбек сіңірген әртісі Мапруза Өтеуленова). 

«Ең үлгілі келіндердің бірі болды. Ауыл ақсақалдары мен көршілері лайықты құрметтеді» (Кеңбидайық ауылының әкімі Балғабай Иманов)

Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары 

«Дударай» әні туралы қызықты фактілер:

  • Атақты музыкант-этнограф А. Затаевич 1920 жылы «Дударай» әнінің оннан астам нұсқасын жазды
  • Парижде «ЭКСПО-1925» кезінде Әміре Қашаубаев «Дударай» әнін еуропалық сахнада бірінші орындады
  • Сәкен Сейфуллин, мемлекет қайраткері, ақын және жазушы, «Дударайды» орыс тіліне аударды. 

Шығармашылық мұрасы

Ақын және фольклортанушы Х.Бехкожин Мәриямнің көзі тірісінде Мәриям мен Дүйсеннің махаббатына арнап «Мәриям Жагорқызы» өлеңін арнады.

Кеңестік композитор Е. Брусиловский «Дударай» операсын жазды.

2013 жылы жас әнші Тасқын Қытайдағы «Дауыс» байқауында «Дударай» әнін орындап, экзотикалық әуендерді сүйетін жергілікті халықты таңқалдырды.

Марапаттар

1914 жылы оның төрт ағасы мен күйеуі әскерге аттанады. Содан кейін күйеуі мен майдангер ағаларына арналған жаңа «Айсәуле» әні дүниеге келеді. Көп ұзамай Дүйсеннің әскерінде ауру тарайды. Ұзын бойлы, сұлу жігіт өмірден өтеді. Ал жесір қалған қыз небәрі 18 жаста еді ... Уақыт өте-келе, Мария басқа қазақпен тұрмыс құрып, төрт баланың анасы атанады.

«Мәриям әпкесінен үлгі алған Рекиндердің барлық балаларының тағдыры қазақтармен байланысты болғаны қызық!», - дейді немере жиені Мапруза Өтеуленова.

Марияның үлкен жиені, әйгілі әнші Мапруза Өтеуленова Германия, Франция, Моңғолия, Қытай сияқты елдерде гастрольде «Дударай» әнін орындайды.

Библиография

1. Кабульдинов З.Е. «Астана: прошлое и настоящее». - Астана, 2017. – 344 с.

2. Дубицкий А. Акмола - город славный. - Акмолинск: Областное издательство, 1959.- 126 с.

3. Казахская ССР: краткая энциклопедия / Гл. ред. Р.Н. Нургалиев. - Алма-Ата: Гл. ред. Казахской советской энциклопедии, 1991. - Т. 4: Язык. Литература. Фольклор. Искусство. Архитектура. - С. 376.

4. Мариям Жагоркызы //Северо-Казахстанская область. Энциклопедия. - Алматы: Арыс, 2006. - 672 с.

5. Нокрабекова З. Серенада Солнечной степи. 

6. Гузеева М. Рейхстаг пал перед «Дударай» 

7. Қазақ жігітіне ғашық болған Мариям Жагорқызы жайлы не білесіздер? 

Естеліктер

Қорғалжын ауданының кіре берісінде  махаббат гимнінің сөздері қашалған стела салынды. Стеланын атауы – «Мәриям».

Орнатылған құлпытас 1962 жылы жергілікті мектеп директорының бастамасымен жаңартылды.

2011 жылы жергілікті кәсіпкер Серік Рахымбеков өз қаражаты есебінен Мария Егоровнаның қабіріне мәрмәр тас орнатты.