Бұл басылымда 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тұжырымдамалары мен іске асырылу нәтижелеріне талдау ұсынылған. Талдау негізінде Бағдарламаның қағидаттарын дамыту, арнайы жобаларды іске асыру бойынша жүргізілген іс-шараларды жетілдіруге, сондай-ақ Бағдарламаның стейкхолдерлерін үйлестіру мен қазіргі заманғы тәсілдерді қолдануға бағытталған технологиялық пакеттер дайындалды. Технологиялық пакеттерді «Рухани жаңғыру» Орталығының Талдау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы әзірлеген. Құжат 2020 жылғы 30 қаңтардағы «Қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» мемлекеттік тапсырмасын орындауға арналған № 12-Г3 шартқа сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігінің 1.3-тармағын орындау үшін дайындалған.

Технологиялық пакеттер мемлекеттік қызметкерлер мен «Рухани жаңғыру» ӨЖО қызметкерлеріне арналған.