Өңірлік жобалық кеңсесі
Бағдарламаны тиімді іске асыру және Қазақстанның 14 облысында және республикалық маңызы бар 3 қалада халықты кеңінен қамтуды қамтамасыз ету үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірлік жобалар кеңселері ашылған.
1. Нұр-Сұлтан қ. «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі
Елорда әкімдігінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі орналасқан. Жобалық кеңсе ұсыныстар мен жобаларды қабылдайды, сонымен қатар жоғарыда аталған «Елбасы» бағдарламасын іске асыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Барлық сұрақтар бойынша елорда тұрғындары мен қонақтары жобалық кеңсенің сенім телефонына: 55-15-06 арқылы хабарласа алады немесе өз өтініштерін ruh@astana.kz электронды мекен-жайына жібере алады.
Мекен-жайы: Қошқарбаев көшесі , 50 үй, №6 кабинет
Байланыс телефон: 8-7172-55-15-06
2. Шымкент қаласының «Рухани жаңғыру»өңірлік жобалық кеңсесі
Шымкент қаласы «Рухани жаңғыру» бөлімі 2019 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. Бөлім «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС жанынан ашылған. Ұжымда 9 қызметкер, оның ішінде бөлім меңгерушісі, жоба жетекшісі, 3 сарапшы-тілші, 3 менеджер және веб-дизайнер бар. Іс-шараны ұйымдастыру және сараптама жүргізу, ақпараттық сүйемелдеу және қала аудандары мен басқармалармен байланыс бағыттарында жұмыс атқарылады.
Мекен-жайы: «Рухани жаңғыру» бөлімі Шымкент қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ғимаратында орналасқан. Мекенжәйі: Бәйдібек би даңғылы, 115/1. Мұнда «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының негізгі бағыттары мен арналары бойынша ақпараттық бұрыштар мен іс-шаралар есебі жинақталған мәліметтер базасы жинақталған.
Байланыс телефон: 8-702-712-03-77
3. Алматы қаласының «Рухани жаңғыру»өңірлік жобалық кеңсесі
Бағдарламаны жүзеге асыруға жобалық кеңселермен бірге халықтың барлық бөлігі тартылған, екі жыл ішінде Алматы қаласының тізіліміне енгізілген 600-ден астам жоба іске асырылды.
Жобалық кеңсе қаланың барлық оқу орындарымен тығыз жұмыс істейді. Сондай-ақ, жұмыс барлық институттармен және зерттеу орталықтарымен жүзеге асырылады.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, Солтүстік мұнара, 11 қабат
Байланыс телефон: 8-(727)-332–22–40
4. Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі
Өңірлік жобалық кеңсесі 3 бөлімнен тұрады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылы Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «El Jastar» жастар театры құрылды.
«Smart Рухани» мобильдік қосымшасы қызмет жасайды.
Ақмола облысының ақын-жазушыларының шығармалары бойынша «Аудиокітап» жобасы іске асырылды. Аталмыш жобаның 9 кітабінің тұсаукесері өткізілді. Қазіргі таңда аудиокітаптардың екінші жинағын жасау жұмыстары жүргізілуде.
Мекен-жайы: Көкшетау қ., Қ.Сатпаев к.,1б үй
Байланыс телефон: 8-(7162)-33-00-38; 8-(7162)-33-00-39
5. Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі
Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы 2017 жылдың мамыр айынан бастап өз қызметін бастады. ББО бағдарламалық мақаланың іске асырылуын халыққа арналған ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді, өскелең ұрпақтың рухани, мәдени және шығармашылық әлеуетінің өзін-өзі ұйымдастыруын және өзін-өзі іске асыруын жандандыратын білім және тәрбие беру, әлеуметтік және мәдени жобаларды қолдау мен сүйемелдеуді жүзеге асырады, өңір аумағында бағдарламалық мақала бойынша әлеуметтік зерттеулерге, бастамашы жобалар мен даму үрдістерінің тәуекелдерін болжауға қатысады, қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуінебайланыстыөңірде жүзеге асырылып жатқан іс-шараларды тұрақты мониторингтеу жөніндегі, ақпараттық-насихаттау жұмыстарына қатысады, әлемдік қоғамдастықта Ақтөбе облысы мен Қазақстанның жағымды мәдени бейнесін қалыптастыруға қолдау көрсетуді жүзеге асырады, Қазақстанның киелі географиясы жобаларын іске асыру бойынша сүйемелдейді және қолдау көрсетеді, өңірдің өзекті қажеттіліктерін және азаматтық бастамаларды ынталандырады, мемлекет, бизнес-құрылымдар өкілдері, ҮЕҰ, еріктілер мен халықты өңірлік жобаларды іске асыруға және қолдауға бағыттайды.
Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, А.Молдағұлова даңғылы 34, «Инновациялық технологиялар паркі» ғимараты, №2 кабинет.
Байланыс телефон: 8 (7132) 23-10-37; 8 (7132)-55-80-14
6. Алматы облысының «Рухани жаңғыру»өңірлік жобалық кеңсесі
Орталықтың негізгі мақсаты – аталған бағдарламаның барлық бағыттары бойынша жобаларды құру және жүйелеу болып табылады. Ғимарат киіз үй түрінде безендірілген конференцзалдан тұратын өзіндік кешен. Қабырғаларында кереге, басқұр ою-өрнегі, түскиіз түріндегі панно бейнеленген, сондай-ақ, 33 орындық дыбыстайтын жүйесі, кеңсе кабинеттері бар. Кеңсеге келуші VIP Zhetysu бірегей кітапханасын тамашалай алады. Кітапханада әр түрлі тілдердегі әлемдік бестселлерлер, сондай-ақ, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында қазақ тіліне аударылған кітаптар жинақталған. Қоғамның назарын оқуға тарту үшін автоматтандырылған кітапхана ретінде қолданылатын «Reading Zhetysu» вендингтік аппараты орнатылған. Сондай-ақ, фойеде мұражай экспонаттары мен облыстың киелі объектілерінің виртуалды әлеміне көшіретін 3D тур болып табылатын «Жетісу 360» жобасы ұсынылған.
Байланыс телефон: 8 (7282) 24-16-23
7. Атырау облысының «Рухани жаңғыру»өңірлік жобалық кеңсесі
«Рухани жаңғыру» бөлімі қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық алты бағытын қамтитын 13 арнайы жоба бойынша жұмысты жүзеге асырады. Бөлімнің негізгі қызметі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатырған жобаларды сүймелдеу болып табылады.
Мекен-жайы: Атырау қаласы, Махамбет көшесі 88 ғимарат, 2 қабат
Байланыс телефон: 8 (7122) 32-37-77
8. Шығыс Қазақстан облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі
Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Орталық) 13.06.2019 жылы құрылды және 4 бөлімнен тұрады: ұйымдастыру-жобалау жұмысы бөлімі, ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу бөлімі, сараптамалық-әдістемелік қамтамасыз ету және әкімшілік-қаржы бөлімі.
Байланыс телефон, email: 8-(7232)-25-04-65, project.shygys@mail.ru
9 .Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі
Жамбыл облыстының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі – облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты коммуналды мемлекеттік мекеме болып саналады
Офис екі бөлімнен құралған
1) Қоғаммен байланыс бөлімі
2) Жобаларды ілгерілету бөлімі
Қызметкерлердің жалпы саны – 10 бірлік.
Байланыс телефон: 8 (7262) 53-05-58
10. Батыс Қазақстан облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі
Батыс Қазақстан облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аймақтық жобалық кеңсесі келесі мекенжайда орналасқан: Орал қаласы, Ж.Молдағалиев к. 19, 108 кабинет («Nur Otan» БҚОФ ғимараты). Кеңсе үлкен жұмыс алаңы мен кітапханасы бар кішігірім жиналыс залынан тұрады. Кеңсенің негізгі қызметі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатырған жобаларды сүймелдеу болып табылады.
Байланыс телефон: 8 (7112) 93-35-49
11. Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру»өңірлік жобалық кеңсесі
Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аймақтық жобалық кеңсенің қызметкерлері бағдарлама аясында консультативтік және әдістемелік қолдау көрсетеді.
Мекен-жайы: Қарағанды қ, Гоголь көш 31, 204 кеңсе.
Байланыс телефон: 8-775-666-8508
12. Қостанай облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі
Қостанай облысының «Ruhani zhangyru» жобалық кеңсесі Ө. Сұлтанғазин ат. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде орналасқан. Бағдарлама офисінде Қостанай облысының жалпыұлттық маңызы бар 10 қасиетті объектілерінің макеттері, «100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында қазақ тіліне аударылған оқулықтары бар стенд орналасқан.
Мекен-жайы: Қостанай қ., ул. Тәуелсіздік 118, кабинет 138
Байланыс телефон: 8 (7142) 53–11–78
13. Қызылорда облысының «Рухани жаңғыру»өңірлік жобалық кеңсесі
Қызылорда облысының өңірлік жобалау кеңсесі ашық кабинеттерге ұқсас 4 интерактивті алаңнан тұрады. Әрбір кабинеттер мен мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және «Ұлы даланың жеті қыры»бағдарламалық мақаласының барлық базалық бағыттар мен арнайы жобалары бар стендтер орналастырылған.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауы, 5А ғимарат
Байланыс телефон: 8-7242-30–38–55
14. Маңғыстау облысының «Рухани жаңғыру»өңірлік жобалық кеңсесі
Өңірлік жобалық офис 11.12. 2019 жылы Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық коммуникация орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бір бөлімі болып құрылды.
Мекен-жайы: Ақтау қаласы 14 шағын аудан, 1Б-ғимарт
Байланыс телефон: 8 (7292) 31-04-66
15. Павлодар облысының «Рухани жаңғыру»өңірлік жобалық кеңсесі
Қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық алты бағытын қамтитын 13 арнайы жоба бойынша жұмысты жүзеге асырады. Олардың әрқайсысының өзінің құрылған жүйесімен өз мақсаттары мен міндеттері бар.
Жергілікті жерлерде бағдарламаны іске асыру мониторингін, консультациялық, аналитикалық, жоспарлаушы қызметін жүргізеді.
Мекен-жайы: Академик Сатпаева 104 көшесі, С. Торайғыров атындағы Павлодар Облыстық әмбебап – ғылыми кітапханасының 3 қабаты
Байланыс телефон: Кубенова Нурия Қалымқызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы – 8-705-268-2878
Электрондық мекенжайы: project_office_pvl@mail.ru, n.kubenova@mail.ru
16. Солтүстік Қазақстан облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң iшкi саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы»
«Рухани жаңғыру» бөлімі 2019 жылғы 13 маусымда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң iшкi саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық даму және ақпарат орталығы» жанынан құрылды.
Штаттық саны 8 бірлікті құрайды, оның ішінде 1 – бөлім басшысы және 7 қызметкер-бөлім мамандары.
Бөлім «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары мен арнайы жобалары бойынша консультативтік және әдістемелік жұмыс, мониторинг, жобалар мен іс-шараларды жүргізеді. Қызмет мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен, оқу орындарымен және зерттеу институттарымен тығыз қарымқатынаста жүзеге асырылады.
Мекен-жайы: СҚО, Петропавл қ., Парковая к-сі 57 «в» каб. 417
Байланыс телефоны: 8-7152-46-48-67
17. Түркістан облысының «Рухани жаңғыру»өңірлік жобалық кеңсесі
Түркістан облысы «Рухани жаңғыру» Өңірлік Жобалық Кеңсесі 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Ал бөлімі 2019 жылдың шілде айынан бастап ресми түрде құрылып, бөлім ретінде жұмыс істеп келеді.
Мекен-жайы: «Рухани жаңғыру» бөлімі Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ орталық кітапхана ғимаратында орналасқан. Мекен-жайы: Б.Саттарханов даңғылы
Байланыс телефон: 8-72533-6–36–52
Электрондық мекенжайы: oko-shtab@mail.ru