8 маусым күні «Жастар» ғылыми - зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «Қазақстан жастары – 2021» Ұлттық баяндамасының мазмұндық бөлігіне сараптамалық талқылау жүргізді. Жиын жастар ортасындағы ахуалды сапалы және объективті сараптауды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде ашық қоғамдық пікірталастар жүргізу арқылы талдау ұйымдастырылды.

Талқылауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жастар ұйымдары мен ресурстық орталықтардың басшылары қатысты.

Ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдері де өз пікірлерін білдірді, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының, «Nur Otan» Қоғамдық саясат институтының, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының және «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтының және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жетекші сарапшылары қатысты.

«Жастар» ғылыми - зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев кіріспе сөзінде биылғы жылы Ұлттық баяндама ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын ескере отырып дайындалатынын, онда қазіргі жастардың Тәуелсіздік құндылықтары туралы көзқарастары көрініс табатынын атап өтті. Қазақстандық жастардың әлеуметтік жағдайы туралы сапалы деректерді анықтау мақсатында  социологиялық зерттеулер мен сарапшылық және ғылыми қоғамдастықпен ашық талқылаулар өткізілетін болады.

Өз кезегінде, ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов Ұлттық баяндаманы қалыптастыру барысында әзірленген ұсынымдар мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың маңызды практикалық құралына айналатынына сенім білдірді.

«Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтыны КЕАҚ төрағасы Асылбек Есенбаев, институттың ағымдағы қоғамдық процестерді, оның ішінде жастар саласындағы кешенді жұмысы жалпы мемлекеттік дамудың стратегиялық бағыттарын жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

2013 жылдан бастап «Жастар» ҰҒО жыл сайын «Қазақстан жастары» Ұлттық баяндамасын жариялайды. Баяндамада қазақстандық жастардың тыныс-тіршілігінің негізгі салаларының ахуалға жан-жақты талдау жасалынады. Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты мемлекеттік жастар саясаты жүйесін жастардың өзекті сұраныстары мен мүдделеріне әдістемелік қамтамасыз ету және бейімдеу болып табылады. Бұл ғылыми жұмыстың басты мақсаты мемлекеттік жастар саясаты жүйесін жастардың өзекті сұраныстары мен мүдделеріне әдістемелік қолдау және бейімдеу болып табылады.