«САША АҒАЙ»

Селезнев Александр Владимирович (1906-1961 жж.)

Селезнев Александр Владимирович (1906-1961 жж.)

«Қазақстан - қазақтар, бұл екі сөз менің жұмысымның, еңбегімнің және міндеттерімнің мәні. Басқаша болуы мүмкін емес». Александр Селезнев

Ең көп із қалдырған қызмет саласы

Кеңестік балет бишісі және мұғалімі. Селезнев - Қазақстандағы алғашқы кәсіби балет мектебінің негізін қалаушы.

Александр Владимирович Селезнев - Петербургтің тумасы. Ол 1906 жылы 22 қарашада жұмысшы отбасында дүниеге келді, сондықтан оның еңбек өтілі 1917 жылы, яғни 11 жастан басталғандығы таңқаларлық емес. Ол жеткізуші, сатушы және жұмысшы болатын. Қызметкердің жалақысы оған жеке балет студиясына түсуге мүмкіндік берді, ал 1922 жылы 16 жасар бала Ленинград хореографиялық училищесінің кешкі бөлімінде балет өнерімен шұғылдана бастады.

Жиырма төрт жыл бойы мектептің тұрақты көркемдік жетекшісі бола отырып, ол кейіннен балет сахнасының шеберлеріне, ұлттық хореографияның жетекші тұлғаларына айналған жарқын шығармашылық тұлғалардың бірқатарын тәрбиеледі. Оның Қазақстанның балет өнеріне қосқан қомақты үлесі сөзсіз.

Қызықты өмірбаян деректері

Барлық жылдар бойы көркемдік жетекші Селезнев он жеті шығарылымды дайындады. Оның шәкірттері - Қазақстанның хореографиялық өнерінің мақтаныштары, Қазақ ССР-нің халық және еңбек сіңірген әртістері: Д. Абиров, З. Райбаев, Б. Аюханов, С. Көшербаева, И. Манская, Р. Тажиева, А. Асылмұратов, С. Тулусанова, З. Ақбарова, Л. Тағанов, Э. Мальбеков, Г. Ақжанов, Г. Урманова, Ф. Ұлтанбаева, сондай-ақ Л. Сарынова – өнертану ғылымдарының кандидаты, қазақ балет өнерінің алғашқы зерттеушісі, Абай атындағы театрдың орындаушылары Л. Симагина, Т. Васильева, А. Солнцева, Н. Краснова, Н. Заичкина, Л. Воскресенская, Г. Горская, Н. Гудочкина, В. Хен, Х. Базарбаев, М. Мунтин, Т. Мальбекова және басқалары. 

А.В. Селезневтің арқасында қаншама шәкірттері балетмейстер және хореографиялық мектептің жетекші оқытушылары атанды! Олар Р. Елшібекова, А. Түлекова, А. Ғабитова, И. Олзоева, Ж. Тастанова, К. Жақыпова, С. Наурызбаева, Р. Күрпешева және басқалары.

Тұлға туралы қазіргі замандастардың естеліктері, зерттеушілердің, оқушылардың, ұрпақтардың пікірлері

«...Тәртіпсіздік, кедейлік пен аштық Александр Владимировичке жоғары деңгейде сабақ беруге кедергі болмады. Ол дарынды адамдардың ерекше тұқымы болатын. Бүгінде ондай тұлғалар сирек кездеседі. Ар-намыс және саналы өмір олардың мәні мен сенімі болды» (И.И. Манская, ҚР халық әртісі, соғыс жылдарын еске ала отырып).

«Бір кездері Саша ағай біздің мектептегі медициналық кабинетте тұрды, біз оның қасымызда екенін әрдайым сезетін едік. Ол интернаттың асханасына келіп, біздің дұрыс тамақтануымызды қадағалайтын. Көбіне біз оның үйіне барып, темір кереуетіне отырып,оның  30-жылдары жұмыс істеген Мариинский театры мен Үлкен театр туралы әңгімелерін тыңдайтынбыз. Біз өзімізді жақсы сезіндік, біз оны жақсы көрдік және оны өзіміздің әкеміздей көрдік» (ҚР Халық әртісі, профессор Б.Ғ. Аюханов).

Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары 

А.В. Селезнев ұзақ уақыттан бері біздің ортамыздға жоқ. Ол 1961 жылы жол апатынан училище студентін құтқарамын деп, қайғылы жағдайда қайтыс болды.

«Меніңше, мен туғаннан бері билеп келемін. Музыканы естіген сәтте, еріксіз биге деген құлшыныс пайда болады». 

«Мен би арқылы Алматыны бағындырмақ болдым. Шындығына келгенде, мен Қазақстанда екі жылға дейін ғана боламын деп жоспарладым». 

А.В.Селезнев театрда бір жылға жуық жұмыс істеу туралы келісімшартқа қол қойды, бірақ ол Қазақстанда мәңгілікке қалды. Біздің қала оның тағдырына айналды. Оның тағдыры оңай болған жоқ, бірақ жемісті болды және шығармашылықпен айналысуға қуаныш сыйлады.

Шығармашылық мұрасы

Театрда сомдаған рөлдері:

  • Зигфрид (П. Чайковскийдің «Лебединое озеро», Л. Жуков қойылымы)
  • Гирей (Б. Асафьев «Бахчисарайский фонтан», Ю. Ковалев қойылымы)
  • Клод Фролло (Ц. Пуни «Эсмеральда», Д. Абиров қойылымы)
  • Петр I (Р.Глиэр «Медный всадник», Ю. Ковалев қойылымы)
  • Марцелина және Колен (П.Гертель «Тщетная предосторожность», А. Селезнев қойылымы)
  • Мергенбай («Қамбар және Назым», В. Великанов, Д.  Абиров қойылымы)

Марапаттар

Қазақ КСР халық әртісі (1955 ж.)

  • Қазақ мемлекеттік хореографиялық мектебін ұйымдастырғаны үшін «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды
  • 1944 жылы А.В. Селезневке балет әртістерінің ұлттық кадрларын даярлағаны үшін Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі атағы берілді
  • 1955 жылы А.В. Селезнев Қазақ КСР халық әртісі атағын алды, сол кезде тағы бір марапат - Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды

Библиография

  1. «Современное хореографическое искусство и образование: традиции и новаторство, проблемы и перспективы» // Материалы международной научно-практической конференции. – Алматы, АХУ им. А. Селезнева, 2016.
  2. Архив Музея АХУ им. А.Селезнева. - 1957; Фонд Селезнева А. В. - 1986, 2016. 
  3. Сарынова Л.П. Балетное искусство Казахстана. - Алма-Ата: Наука, 1976. - 176 с. 
  4. Шереметьевская Н. У истоков школы. О создателе и руководителе Алма-Атинского хореографического училища // Балет. - 2000. – С. 34. 
  5. Воспоминания Р. Ельчибековой //Фонд Селезнева А.В. 
  6. Аюханов Б. Учитель танца / Архив Музея АХУ им. А. Селезнева. - Алматы, 2006. 
  7. Воспоминания К. Жакиповой // Фонд Селезнева А.В. 
  8. Воспоминания И. Манской // Фонд Селезнева А.В. 
  9. Воспоминания А. Селезнева // Фонд Селезнева А.В. 
  10. Абиров Д. Жизнь, посвященная танцу. К 80-летию со дня рождения А. Селезнева // Казахстанская правда. - 1986. - 23 декабря. 
  11. Астафьев И. Наш дядя Саша // Архив Музея АХУ им. А. Селезнева, Фотоархив Музея Алматинского хореографического училища им. А. Селезнева. . — Алматы.
  12. https://www.kino-teatr.ru/teatr/acter/sov/490001/bio/

Естеліктер

1988 жылы 2 ақпанда ҚазССР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Алматы хореографиялық училищесіне Қазақ КСР-нің халық әртісі Александр Владимирович Селезневтің есімі берілді.

2016 жылдың қараша айында Қазақстанның жетекші балет мектебі Александр Владимирович Селезневтің 110 жылдығын атап өтті. Осы іс-шара аясында мыналар өтті: «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының V халықаралық байқауы, училищенің қалыптасуы мен даму тарихы туралы кітаптың тұсаукесері, училищенің жаңартылған Мұражайының ашылуы.