Басқарма Төрағасының орынбасары

Төлепбергенов Аманбек Көрпебайұлы

Рухани жаңғыру орталығы, Бағдарлама жобаларының басқармасы, Сараптау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы, Медиа-байланыс және PR басқармаларының жұмысына жетекшілік етеді және үйлестіреді.

Абылайхан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Парсы тілінің филологиясы мамандығы бойынша білім алды.

Еңбек жолын «АСАР» республикалық жастар газетінің Астана қаласындағы өкілі болып бастаған. «Қазақ газеттері» корпорациясының Астана қаласындағы өкілі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің қызметкері, «Астана қаласы жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының» директоры, «Транстелеком» АҚ баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің құрылымдарында жұмыс істеді.