«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен биыл екінші рет өтуде.

Конкурстың мақсаты - жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу.

Конкурстың міндеттері - ауыл әкімдерінің, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін кең ауқымда насихаттау.

Конкурс екі негізгі кезеңде өткізіледі:

  • I өңірлік кезең –  аудандық және облыстық деңгейде өткізіледі.
  • II кезең – республикалық деңгейде өткізіледі.

Конкурстың  нәтижелері Республикалық комиссияның шешімімен анықталады.

Өңірлік іріктеуде:

  • 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері (тартылған инвестициялар көлемі, құрылған жұмыс орындары, ауыл-шаруашылығы өнімдерінің көлемі, көші-қон деңгейі, қылмыстылық деңгейі және т.б.);
  • әкімнің жұмысы туралы, әкім басқаратын кент, ауыл, ауылдық округ туралы бейнеролик;
  • үміткердің кентті, ауылды, ауылдық округті алдағы 3 жылда дамытуға бағытталған жобалық жұмыс;
  • жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін елді мекен тұрғындарының арасында сауалнама немесе онлайн дауыс беру қорытындылары ескерілді.

Бірінші кезең ү.ж. 25 маусымда басталып, облыстардан 134 кандидат конкурсқа құжаттарын тапсырды және жоғарыда аталған критерийлер нәтижесі ескеріле отырып, Өңірлік комиссиядан әңгімелесуден өтті.

Өңірлік комиссия үздік деп таныған 14 ауыл әкімінің конкурстық материалдары Республикалық комиссия қарауына ұсынды.

Республикалық комиссия отырысы қазан айының ортасына жоспарланып отыр.