ҚАЗАҚ БАЛЕТІНІҢ  КОМПОЗИТОРЫ

Великанов Василий Васильевич (1898-1969 жж.)

Великанов Василий Васильевич (1898-1969 жж.)

Ең көп із қалдырған қызмет саласы

Көрнекті кеңес композиторы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі. Қазақтың кәсіби музыкасының дамуына негіз салған композиторлардың бірі.

1930 жылы Ленинград консерваториясының В.В.Щербачевтың композиция класын, 1931 жылы И.С.Миклашевскаяның фортепиано класын аяқтады.

1920-1933 жж. - пианист, композитор және Ленинград драма театрының музыкалық бөлімінің жетекшісі. 1936-1937 жылдары музыкалық-этнографиялық экспедиция құрамында ол халық әндері фольклорын зерттеді.

1937 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жұмыс істеді.

1951 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Алматы өнер институтында композициядан сабақ берді (1961 жылдан - доцент).

Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары 

Қазақтың «Қалқаман мен Мамыр» тұңғыш ұлттық балетінің авторы (қойылым 1938 жылы қойылды). «Тұтқын қыз» операсын, «Қамбар мен Назым» балетін, хор және симфониялық оркестр үшін «Ленинградтық өрендерім!» (Жамбыл сөздері); оркестр үшін 3 симфония: «Амангелді» симфония-поэмасы, «Бейбітшілік соғысты жеңеді», «Бейбітшілік жолымен» , Интродукция және күй; халық аспаптар оркестріне арналған; қазақ тақырыптарындағы ішекті квартет, Абай тақырыптарына импровизация, романстар, әндер, театр мен киноға арналған музыка шығарды.

Шығармашылық мұрасы

В.В. Великанов сонымен қатар Алматы театрларының спектакльдеріне арналған музыканың авторы: Алигердің «Шындық туралы ертегі» (1944 ж.), А.К.Толстойдың «Иван Грозный» (1945 ж.), орыс театрындағы «Любовь Яровая» (1954 ж.); Т.Құсайыновтың «Амангелді» (1944 ж.), Мольердың «Сараң» (1954 ж.), Н.Хикметтің «Махаббат туралы аңыз» (1955 ж.) және т.б. 

Ол көптеген симфониялық, камералық және аспаптық туындылар, оркестрлік пьесалар, фантазиялар, әндер, романстар, фильмдерге музыка, қазақ және орыс драма театрларының спектакльдеріне музыка жазды.

Библиография

  1. Казахская ССР: краткая энциклопедия / Гл. ред. Р.Н.Нургалиев. — Алма-Ата: Гл. ред. Казахской советской энциклопедии, 1991. — Т. 4: Язык. Литература. Фольклор. Искусство. Архитектура. — С. 171.
  2. Театральная энциклопедия. Том 1/Глав. ред. С.С.Мокульский - М.: Советская энциклопедия, 1961.

Естеліктер

Қазақтың «Қалқаман мен Мамыр» тұңғыш ұлттық балетінің авторы (қойылым 1938 жылы қойылды). «Тұтқын қыз» операсын, «Қамбар мен Назым» балетін, хор және симфониялық оркестр үшін «Ленинградтық өрендерім!» (Жамбыл сөздері); оркестр үшін 3 симфония: «Амангелді» симфония-поэмасы, «Бейбітшілік соғысты жеңеді», «Бейбітшілік жолымен», Интродукция және күй; халық аспаптар оркестріне арналған; қазақ тақырыптарындағы ішекті квартет, Абай тақырыптарына импровизация, романстар, әндер, театр мен киноға арналған музыка шығарды.

Великанов - Алматы театрларының спектакльдеріне арналған музыканың авторы: Алигердің «Шындық туралы ертегі», А.К.Толстойдың «Иван Грозный», орыс театрындағы «Любовь Яровая»; Т.Құсайыновтың «Амангелді», Мольердың «Сараң», Н.Хикметтің «Махаббат туралы аңыз»  және т.б.