1. ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтымен ынтымақтастық туралы меморандумдар

1

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Рухани жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ бірлесіп, ұйымдастырған «Қазақстан этностары: еліміздің дамуына қосқан үлестері. Біз біргеміз» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. 

Іс-шара аясында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ және ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты арасындағы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

2. Нұр-Сұлтан халықаралық компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандум

2

"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты мен 2ГИС.Нұр-Сұлтан халықаралық компаниясының арасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Енді Нұр-Сұлтан қаласының сакралды нысандарын 2ГИС-тен табуға болады. Елорданың 18 сакралды нысаны картаға енгізіліп, ол жерде табиғи, тарихи және өзге де маңызды нысандар жөнінде ақпарат жарияланып отыр.  "Қызықты жерлер" атты бөлімді таңдап, ол жерден нысандар туралы ақпаратпен қатар, фотосуреттерді, пайдаланушылардың пікірлерін де көруге болады, - делінген хабарламада.