ҚАЗАҚСТАН ТАБИҒАТЫНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ

Зверев Максим Дмитриевич (1896 – 1996 жж.)

Зверев Максим Дмитриевич (1896 – 1996 жж.)

 «Егер біз табиғатқа қол ұшын бермесек, келер ұрпақ бізді кешірмейді. Қазір біз табиғаттан мейірімділік сұрамаймыз, керісінше табиғат біздің мейірімділігімізге мұқтаж» М. Зверев

Ең көп із қалдырған қызмет саласы

Ғалым, натуралист жазушы М.Д. Зверевтің өмірінің көп бөлігі Қазақстанмен байланысты. Ол Алматыға 1937 жылы қалалық хайуанаттар бағын ұйымдастыруға келген болатын.

Максим Дмитриевич көп жылдар бойы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, екі мәрте Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, сонымен қатар табиғатты қорғау және насихаттау жөніндегі комиссияның тұрақты басшысы болды. Қазақ мемлекеттік университетінде ұзақ жылдар бойы сабақ берді.

Қызықты өмірбаян деректері

М.Д. Зверевтің алғашқы шәкірттерінің бірі Е.В. Гвоздев болды, ол кейінірек ірі ғалым, ғылым докторы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі атанды.

Тұлға туралы қазіргі замандастардың естеліктері, зерттеушілердің, оқушылардың, ұрпақтардың пікірлері

«Зверевтің шынайы және оқырманын баурап алатын тақырыпта жазылған кітаптары кімдер үшін жазылғанын үшін айту қиын (Балаларға ма? Әлде ересектер үшін бе?). Барлығы да бұл туындыларды рахаттана оқиды» (М.М. Пришвин, жазушы, прозаик және публицист).

Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары 

M.Д. Зверев туындылары Қазақстан табиғатының энциклопедиясы: оның пейзаждары, флорасы мен фаунасы. Оның кітаптарының арқау болуымен миллиондаған оқырмандар Қазақстанның табиғатымен таныса алады. Әр елдің бейнесі – жер мен адамдардан тұрады. Бұлардың екеуі де жазушының кітаптарында көрініс тапты. Ешкім де ол сияқты Қазақстан табиғатын жан-жақты және көркем жазбаған және сипаттамаған, ешкім де ол сияқты кең және біркелкі көрініс берген емес.

Шығармашылық мұрасы

Жазушы әдеби шығармашылығының рухани қайнар көзі Қазақстанның табиғатымен байланысты. Зоолог-ғалым Максим Дмитриевич табиғатты зерттеудің жеткіліксіз екенін түсінді - оны қорғау керек деген идеяны алға тартты. М.Д. Зверев, негізінен, Қазақстандағы танымал ғылыми-көпшілік - «Заметки натуралиста» газет жанрының негізін қалаушы. Оның негізгі еңбегі – табиғатты қорғауға арналған «Лик земли» экологиялық жинағын шығару.

Библиография

  1. Зверев М.Д. «Приключения моих диких друзей» Алма-Атинский зоопарк, Алма-Ата, 1939.
  2. Зверев М.Д. Краткое руководство по школьным участкам живой природы, Алма-Ата, 1940.
  3. Зверев М.Д. Заповедник пестрых гор, М.: Молодая гвардия, 1946.
  4. Зверев М.Д. По заповедным тропам, Алма-Ата: Казгослитиздат, 1951.
  5. Зверев М.Д. «Избранное», Алма-Ата: Казгослитиздат, 1956.
  6. Зверев М.Д. Охраняйте и любите родную природу, Алма-Ата: Казгослитиздат, 1961. 

Естелік

Алматыда жазушының барлық шығармашылық қызметі өткен Грушевая көшесіне Максим Зверевтің есімі берілді.